Жүректен - жүрекке – осындай тақырыбымен «SARYARQA» телеарнасында жаңалықтар бағдарламаларының бірі шықты. Журналисттер 11 айлық Айсана Бейбітова жайлы әңгімені баяндап берді: дәрігерлер оған қауіпті диагноз қойды -  көздің ішкі тор қабығының қатерлі ісігі.

Балаға Ресейде операция жасау үшін бес миллион теңгеден артық ақша қажет. Теледидар экранынан баланың ата-аналары балалардың болашағына үміттенетін барлық адамдардан кішкентай сәбиге көмек көрсетуді өтінді. 

Бұл сюжет Ж.Бектұров атындағы облыстық кітапханада ешкімді енжар қалдырған жоқ.

Қызметкерлердің еңбекақыларының аздығына қарамастан, кітапхана ұжымы бірауыздан балаға көмек көрсетуге шешім қабылдады. Сәбидің емделуіне қаражат жиналған кезде мейірімділік, қайырымдылық сезімдеріне толы көптеген жылы сөздер, тілектер айтылды.  

Қызметкерлер қайырымдылық сезімі әрбір адамның жүрегінде болу керек деп айтып, кішкентай Айсанаға операция жасау үшін қажетті қаражат жиналатынына нық сенім білдірді.

P.S. «Жүректен - жүрекке» – бұл сөздер біздің кітапханамызда әртүрлі акциялар өткізілген уақытта ұраны ретінде қолданылып жүр. Қазіргі кезде қайырымдылық пен мейірімділік тізбегін немқұрайлы емес адамдар жалғасады деп үміттенеміз. 

http://kartv.kz/ru/news/society/ot-serdca-k-serdcu-6