Ж. Бектұров атындағы жасөспірімдер кітапханасының жанынан құрылған БОТА жастар интелллектуалді орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 15 күні сағат 14:00-де Астананың 20 жылдығына орай «БОТА жастарды қабылдайды» атты мерекелік іс-шара өтті.

Аталмыш іс-шара мекеме басшысы Нұргүл Қасымханқызы жастарға ақ жол тілеп, ізгі тілегін білдірді. Кеш жүргізушілері: Бағрұпжан Бексұлтан, Ашамайева Ақгүл. Іс-шара барысында БОТА жастардың интелектуалды орталығы туралы мәліметтер айтылды. Интелектуалды орталық тарихынан бейне жазбалар көсетіліп, атқарылап жатқан рухани игіліктер паш етілді. Кешімізде Жазушылар одағының мүшесі, ақын Руслан Нұрбай ағамыз және де осы орталықтан шыққан Салтанат Смагулова, Ерболат Қуатбек, Кәмшат Хасен, Салтанат Қайырбек, Айзада Садуақасова, Ерзат Ермағамбет, Ербол Әшім БОТА жастардың интеллектуалды орталығының қатарына енді келіп қосылып жатқан мүшелеріне жылы лебіздерін білдіріп, өз шығармашылығынан өлеңдер оқыды. Жас БОТАлықтар да қалыс қалмады. Атап айтқанда: Жасарал Құлпынай,Жұмабекова Гакку, Рысбекова Гүлжазира, Манап Ерғали, Ербол Ақтоты, Рахымбекова Рауана ақындардың өлеңдерін оқыды. Мүскінов Ерасыл «Сәйгүлік», Манап Ерғали және Рахимжанова Рауана «Айналайын», «Арманым-ай», Алмен Алихан және Шахматова Жансая «Ризамын», Орал Бақтияр «Мен деп ойла» әндерін шырқап, кештің сәнін кіргізді. Кешіміздің қонағы болып келген облыстық балалар мектеп интернатының оқушылары Астананың 20 жылдығымен құттықтап, арнау өлеңдерін және А.Құнанбаев, М.Шаханов, М.Мақатаев, Қ. Аманжоловтың өлеңдерін оқыды. Сондай-ақ, БОТА жастардың интеллектуалды орталығының мүшелері ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» шығармасынан театрландырылған көрініс қойып, аталмыш кеш осылай өз мәресіне жетті. Концерттік бағдарламадан кейін БОТА жастарының ресми отырысы болды. БОТА орталығы ешкімді мамандыққа бөлмейді, қайта рухани бірлікті ту етіп, тәуелсіз елдің ертеңі үшін еңбек етеді.