2018 жылдың 28 ақпанында Қарағанды облыстық Сәкен Сейфуллин атындығы қазақ драма театрында  Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығы және Оралхан Бөкейдің 75 жылдығына орай қалалық көркемсөз оқу шеберлерінің байқауына қатысқан Қарағанды политехникалық колледжінің студенттері, БОТА жастар интеллектуалды орталығының мүшелері Ерсанат бас жүлдені жеңіп алса, Ахметов Нариман 1 орынды қанжығасына байлады. Сіздерді шың жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақыттарда да тек биік шыңдардан көріне беріңіздер! Алар асуларыңыз бен шығар шыңдарыныз көп болсын!