2018 жылдың 15 наурызында Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының Балаларға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында достық пен татулықтың, ынтымақ пен берекенің мерекесі – 22 наурыз Ұлыстың ұлы күніне арналған «Наурыз көктемнің шуақты мерекесі» атты әдеби-сазды кеш өткізілді.

Іс-шараға №45 гимназия, №48 жалпы білім беру орта мектептерінен төртінші сынып оқушылары қатысты.

Жүргізуші кітапхана қызметкері Жакупова Гүлімжан Рымханқызы іс-шара барысында құттықтап келіп жеткен Әз-Наурыз мейрамы жайлы ақпарат айтты. Әдеби-сазды кешімізді Қыдыр ата мен Жұлдызшы қыз Наурыз жыл басын қарсы алып, бата, тілектерімен бастады. Наурыз жайлы «Жырдың басы –Наурыз», «Наурыз тойын аңсап келем» өлеңдері оқылды. Тулум Дилек «Гүлдерайым», әнін шырқады, «Қара-жорға» би биленді. Оқырмандар қазақтың ұлттық дәстүрлері жайлы кітап көрмесімен танысып, жұмбақ, жаңылтпаштар шешті. Қатысушылар бірнеше топқа бөлініп, «Бес табан» асық ойынын ойнады. Асық ойынының болашағы туралы «Әли мен Айя» атты мультипликациялық фильм мен «Қазақтың ұлттық аспаптары» атты слайд көрсетілді. «Наурыз көктемнің шуақты мерекесі» атты кигіз үй кітап көрмесімен танысып өздеріне қызықты мәліметтер алды.

Кешіміздің соңы №48 жалпы білім беру орта  мектебінің оқушысы Орешина Лида «Наурыз көктем» әнімен қортындылады.