Қазақстан Республикасының Елордасы – Астана қаласының 20-жылдығын атап өту аясында Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы сәуір айының 17 мен 25 аралығында Дүниежүзілік кітап күніне орай «Білім көкжиегі» атты Жастарға арналған кітап апталығын өткізеді.

17 сәуірде Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйінің алаңында Либ-моб түрінде өткізілген Жастарға арналған кітап апталығының салтанатты ашылуы өтті.  

Іс-шараға Қарағанды қаласының мектептер оқушылары қатысты: №101 мектеп-гимназия, №102 мектеп-гимназия, М.Жұмабаев атындағы №39 гимназия, №23 ОББМ, №5 ОББМ, №16 ОББМ, Қарағанды қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі.

Іс-шара Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы басшысының орынбасары О.Н. Волкованың Жастарға арналған кітап аптасының ішіне әртүрлі, қызықты шаралар – жастар экшны, Астана қаласы құрдастарының онлайн-кездесуі, шығармашылық мастер-кластар мен сұрақ жауап сайыстары кіретіндігі туралы құттықтау сөзінен басталды.

Тосын жасалған сахнаның сатысында үш қатарға түзілген балалар іс-шараның «Жастар. Астана. Кітап» ұранын дауыстап айтты. 

Іс-шараға қатысушылар концерттік бағдарламаны тамашалады, №21 ОББМ «Кадеты» вокалдық ансамблі, «БОТА» жастардың интеллектуалдық орталығының мүшелері өз өнерлерін көрсетті. Мектеп оқушылары Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі студенттерінің соңынан би қимылдарын қайталады.  Іс-шараның соңында балалар аспанға түрлі-түсті шарларды жіберді.  

Салтанатты шараның барысында студенттер мен мектеп оқушылары «Астана – Ұлы дала Елордасы» кітап көрмесімен таныстырылды.