Сәуірдің 19-жұлдызында 14-00-де Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы Халықаралық  кітап және авторлық құқық күніне орай, жас жеткіншектердің кітап апталығы аясында рухани шығармашылық шаралар өткізді.

Қаз дауысты Қазыбек би, Бұқар жырау бабалардан бүгінге жалғасқан жыр толқыны төңірегімізде толастамақ емес. Өлкесін өлеңмен өрнектеген ақындар мен жыршылар да жетерлік. «Шықшы тауға қарашы кең далаға, Мәз боласың ұқсайсың жас балаға, О шеті мен бұ шетіне жүргірсең, Шаршайсың ба құмарың бір қана ма?..» - деп жерлесіміз дауылпаз Қасым Аманжолов жырлайды. «Болашақ» оқырман жастар экшні шарасында, Қарағандыда туып қара өлеңнің дара жолын мақсат еткен біраз ақындардың өлеңі оқылды.

2015 жылы 30 қаңтарда С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрында «Сарыарқа» сериясымен шықққан 100 томдық шығармалар жиынтығының таныстырылымы өткен болатын.

Қарағанды облысының рухани ырысы болған бұл жинаққа, біздің кітапхана оқырмандарынан құралған «БОТА» ЖИО мүшелерінің де ізгі әдебиеттен игі үміті бар. Осы мақсатта өткен жылдары «Өр үмітті жастар». «Өр рухы жастар» атты қос жинақ дүниеге келді. Ал жекеленген ақындардың, яғни «БОТА» орталығының байырғы мүшелерінің кітаптары шығып, елге танымал боп қалған таланттардың бір шоғыры, Қазақстан Жазушылар одағына мүшелікке өтті. Олардың ішінде талай республикалық, халықаралық жыр-мүшәйралардың жүлдегері Бағдат Мүбарак, «БОТА» ЖИО мүшесі, ақын, облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің бөлім сарапшысы Жәнібек  Әлиман да келді. Бүгінгі бастамаға бас  көз болып, өлең оқыған талапкерлердің аяқ алысын белгілі жерлестеріміз бақылап отырды.     Жыл басында  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Солтүстік Қазақстан облысының Ғ. Мүсірепов атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы, республикамыздың балалар және  жасөспірімдер кітапханалары арасында  әр өңірдің   ақын-жазушыларының шығармашылығын насихаттауда,  «Туған елімді жырлаймын»  атты библиомарафон жариялады.

Бұл эстафетаны 3 сәуірде  Шығыс Қазақстан облысының балалар мен жасөспірімдер кітапханасы біздің кітапханаға тапсырды. Осы іс-шара барысында оn-line режимінде «Туған елімді жырлаймын» эстафетасын одан әрі жалғастыруға Тараз қаласындағы Д. Қонаев атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасына тапсырдық. 

Енді біз бұл шараны қызықты өткізу үшін «БОТА» ЖИО мүшелері мен оқу орыны студенттері арасында жерлес ақындар шығармашылығынан өлең оқу сайысын жалғастырдық. Жиынға көрермен болып, Қарағанды «Фемида» заң колледжі, гуманитарлық колледжі және кәсіптік-техникалық колледж студенттері қатысты.  «Поэтикалық дуэль» ретінде өткізген өнер сайысына бес жұп ат салысты. Осылайша өткен рухани өнер бәсекесінде үш аталым бойынша жүлде тапсырылды. «Тірлікте тебіренейін, тербелейін»-деген атпен «Туған елімді жырлаймын» атты библиомарафон жеңімпазы ретінде өз шығармашылығы мен жерлес ақындардың жырын жеткізе оқыған ақын қарындасымыз Кәмшат Хасен болды. «Ерекше стиль» жүлдесін жас ақын Сұлтан Қазиев иемденді, ал «Жүректен жүрекке» -деген номинацияны ақын-сазгер талапкеріміз Ерғали Манап бауырымыз жеңіп алды. Сайыстан тыс қатысып, өлең оқыған кәсіптік техникалық колледж студенті Тасқын қарындасымызға да кәде-сыйға  Абайдың «Қара сөздер» кітабы берілді. Марафонға қатысушылар өткізілген шарадан бейнероликтерді, фото суреттерді «Instagram», «Facebook» хэштегпен әлеуметтік желілердежариялайды.