Шілденің 4-інде Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20-жылдығын атап өту аясында ақпараттық-библиографиялық бөлімде кітапхана оқырмандарына арналған «Біздің ортақ үйіміз – Қазақстан» тақырыбымен әңгіме-шолу өткізілді.  

Әңгіме-шолудың барысында кітапхана оқырмандары бөлім қызметкерлерімен құрастырылған «Астана» атты сөзжұмбақты шешуге қатысты. Сондай-ақ, оқырмандарға «Астана - Еуразия жүрегі»/«Астана - Сердце Евразии» атты ақпараттық буклеттер мен  «Астананың көрікті жерлері» атты кітап белгі  баулары таратылды.