Шілденің 4-інде балаларға қызмет көрсету бөлімінде Астана қаласы –Қазақстан Республикасының елордасының 20-жылдығына арналған «Ару Астана айбыны» - "Величава и юна красавица - Астана" атты кешенді іс-шара өтті. Іс-шараның бағдарламасына ауызша журнал, ашық көрініс, асфальт үстіндегі суреттер байқауы енді.

Балалар үшін кітаптардың ашық көріністің алдында шолу ұйымдастырылды. Балалар жұмбақтарды шешті, Астана тарихы жөніндегі сұрақтарға жауап берді. Іс-шараның барысында көңілді ойындар мен танымды сұрақ-жауап сайыстары өткізілді.  

Оқушылар асфальт үстіндегі суреттер байқауына белсенді қатысты.  

Балалар салған суреттері ашық түсті және тартымды болып шықты. Балалардың барлық суреттерін біздің отанымызға, елордамызға деген сүйіспеншілік сезімдері біріктірді.

Іс-шараның соңында асфальт үстіндегі суреттер байқауының жеңімпаздары салтанатты түрде мадақтау қағаздарымен, алғыс хаттармен, сыйлықтармен марапатталды. Бұл мерекелік күні байқауға қатысқандардың барлығына белсенділіктері үшін алғыс хаттар берілді.