Шілде айының 19 жұлдызында Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы кезекті промоакциясын  ұйымдастырып өткізді. «Ашық аспан астындағы жазғы оқу залы» «Сенің рухани қазынаңның қайнар бұлағы – кітап!» тақырыбымен кезекті акция Облыстық балалар клиникасының аумағында өтті.

Іс-шара Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласының 20 жылдығына арналған.

Кітапханамыздың жасөспірімдерге қызмет көрсету, ақпараттық-библиографиялық және балаларға қызмет көрсету бөлімінің қорындағы әдеби кітаптар, адамдардың хоббиына байланысты шаш өру, байлам байлау, маникюр жасау, әйел адамдардың өзін күтінуге және ер-азаматтарға ұлттық ойындар, шахмат, кикбоксинг, бокс, каратэ т.б спорттық кітаптар журналдар көше жүргіншілерінің назарына ұсынылды. Орамалдарды әсемдеп байлаудан шеберлік әдістері көрсетілді. Оқырмандарды тіркеу секторы кітапханалық жарнамалар, ақпараттық қағаздар және флаерлер таратты. Кітапханашылар қала жұртшылығына кітапханадағы қызметтер жұртшылықпен сауалнама жүргізіп, бүлдіршіндермен сұрақ-жауап ойындарын өткізді. Жазғы уақытта өткізілетін қызықты іс-шаралар туралы ақпараттар беріп, кітапхана оқырманы болуға шақырды.

Жазғы оқу залының жұмыс күндерінде  қала тұрғындары кітапхана қорының кітаптары мен мерзімді басылымдарымен таныса алады.