Error
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/biblioteka_bekturova/data/www/uniorlib.kz/images/2018/3_07
Notice
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/2018/3_07

Шілде айының 3-і күні Ақмола облысы, Ақкөл ауданында жазушы, журналист, дарынды зертеуші  Жайық Бектұровтың 105 жылдық мерейтойына арналған ғылыми - танымдық конференция өтті

Іс шараға Астана, Алматы, Қарағанды қалаларының атақты ғалымдары мен қонақтары қатысты. Атап айтсақ, ақын Ғ.Жайлыбай, Ақкөл ауданы әкімінің орынбасары Г.Е. Әбілқайырова, тарих ғылымдарының кандидаты Ә.Ә.Әбдакимов, ақын, сазгер Иран Тасқара, ардагер ұстаз, жайықтанушы Е.Дәуешұлы, қоғам қайраткері, сазгер Б.М.Мұсабеков, «Арқа ажары» Ақмола облыстық халықтық, қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Қ.З.Тореғожа, аудандық «Ақкөл өңірі» газетінің бас редакторы Қ.Д.Нұрсадықов қатысты. Жайық Бектұровтың көзін көрген ақын, жазушылар, қоғам қайраткерлері, шәкірттері естеліктерін айтып, Жайық шығармашылығы жөнінде ой бөлісті.

Біздің кітапханадан «Сирек кітаптар мен қолжазбалар және мұражай жәдігерлері секторының қызметкері Е.А.Хумарбек «Қазыналы қаламгердің өлмес мұрасы атты» Ақкөл аудандық кітапханасында өткен іс шарада баяндама жасады. Қатысушылар үшін Ақкөл ауданының №3 Жайық Бектұров атындағы мектепте экскурсия өткізілді. Мектеп қабырғасындағы мұражайында Ж. Кәгенұлының өмірінен сыр шертетін суреттер мен Ж. Бектұров атындағы кабинет-мұражайдан алынған мәліметтер ұсынылды. Сонымен қатар, Амангелді ауылында Ж. Кәгенұлының қайтыс болғанына 20 жыл толуына орай ас беріліп, құран оқытылды.

Бұл іс-шара қаламгердің шығармашылығын насихаттап, туған жеріне Жайық Кәгенұлының кім екенін таныта түсуде алатын орны ерекше. Жайық Бектұровтың өмірі жастарға үлгі, мұрасы таусылмас қазына. Оны бағалап, құнын түсіну ұрпақ алдындағы парыз.

{gallery}2018/3_07{/gallery}