25 қыркүйекте Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының көркем безендірілген залында «Ғибратты ғұмыр» жобасының аясында жазушы, Қазақстан Республикасының құрметті журналисті Екатерина Борисовна Кузнецованың 80-жылдығына арналған «Талант и призвание журналиста» атты сұхбат кеші өтті.

90 жуық адам құрметті қонақтарын салтанатты түрде ду шапалақпен қарсы алды.

Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының басшысы Н.Қ. Каленова іс-шараны бастап, жас ұрпақ үшін осындай шаралардың өзектілігі мен қажеттілігін айтты. 

Іс-шараның барысында жасөспірімдердің қатынастары және көпшілік жұмыс бөлімінің жетекшісі – іс- шараның жүргізушісі Шмойлова Н.Ф. қарағандылық журналист және публицист Е.Кузнецованың өмірі мен шығармашылығымен таныстырды.

Іс-шараның ресми бөлімі өткен соң, Екатерина Борисовна микрофон алдына шығып, аудиториямен сөйлесуге кірісті. Кездесуге жиналған жастар құрметті қонағымызды зор ықыласпен тыңдады. Белгілі журналисттің сауаттылығы мен білімділігі, сөздің көркемділігі аудиторяны таң қалдырды.  Барлық қойылған сұрақтарға Екатерина Борисовна толық жауап беріп, өзінің туылған жері – Қытайда болған жылдарында алған әсерлерімен бөлісті, Кеңес Одағына көшіп келген, журналистика факультетінде оқып жүрген кездері туралы баяндап берді.  «Индустриальная Караганда» газетінде журналист ретінде жемісті жұмыс істеген ұзақ жылдары туралы ерекше жылы сөз айтты.

Екатерина Борисовнаның шығармашылығында КСРО саяси қуғын-сүргін жылдары тарихын және ГУЛАГ жүйесінің ең ірі лагерлерінің бірі Карлаг тарихын зерттеу мәселесі ерекше орын алып отыр. Арнайы безендірілген кітап көрмесінде автордың: «Карлаг: по обе стороны «колючки», «Карлаг: меченые одной метой», «От Столыпина до ГУЛАГа», «Кровавый тридцать седьмой. Репрессированный Казахстан» және тағы басқа шығармалары қойылды. Әрбір кітап нақты мұрағат материалдары негізінде жазылған: басы-қасында болғандардың естеліктері, мәліметтер мен құжаттар, хаттар және автордың нақты адамдармен кездесулері. Автор өзінің алдына еліміздің тарихы, адамдардың көптеген қиын тағдырлары туралы келешек ұрпаққа барлық шындықты айту деген мақсатты қойып отырды.  Е.Кузнецованың өмірінде біздің кітапханаға аты берілген Жайық Кагенұлы Бектұровпен достық пен шығармашылықтағы ынтымақтастық ерекше орын алды. Ж.Бектұров туралы автор «Карлаг: меченые одной метой» кітабының  «Волк прыгнул» атты 15 бөлімінде баяндады. Кездесудің барысында Екатерина Борисовнаның жолдасы – дарынды қарағандылық ақын, күші кемелденген кезде қайтыс болған Николай Кузнецовтың шығармашылығы туралы айтылды.

Жазушы бүгінгі күні өзін өзі қазіргі уақыттың адамы – замандас болып сезініп жүр деп айтты. Өзінді осы заманның адамы болып сезіну үшін  әрбір адамның өзінің ұстанымына, өмірге деген көзқарастарына байланысты. Енжар адам  өзін 20 жасында да кәрі кісі болып сезінеді. Біздің қонағымыз керісінше, өз алдына мақсаттар қойып, сол мақсаттарға жету жолдарын іздестіруге бағыттылған. Ол әлеуметтік жүйелердің бірі – Faсebook платформасын белсенді қолданып жүр, қазіргі уақытта екі кітапты жазып отырып, өзінің ой-өрісін үнемі кеңейтуде. Екатерина Борисовна барлықтарға белсенді болуға, шындықты айтуға қорықпай, өз қозқарасын қорғауға, кітап оқуға шақырды. 

Іс-шараның естелігі ретінде кітапхана атынан қонағымызға екі кітап сыйға тартылды.