Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі»: «Тәуелсіздік жылнамалары» кітабына орай ұйымдастырылып отырған конференция

 

2018 жылғы 16 қазанда Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі»: «Тәуелсіздік жылнамалары» кітабын талқылау бойынша конференция ұйымдастырылды.

Іс-шараға 45 адам қатысты: Қарағанды банк, «Болашақ», гуманитарлық колледждерінің студенттері, оқытушылары, кітапханашылар, «БОТА» жастардың интеллектуалдық орталығының мүшелері, БАҚ өкілдері.

Конференция жұмысына академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің тарихшысы - Нұртас Смағұлов, модератор – Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің саясаттанушы-оқытушысы Айдос Бәдел қатысты.

Іс-шараға қатысқан колледж студенттері мен оқытушылары сұрақтар қойып отырды, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Сарапшылар қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, Мемлекет басшысының "Тәуелсіздік дәуірі" кітабы - Тәуелсіз Қазақстанның энциклопедиясы, онда Конституцияның қабылдануы, Ассамблеяның құрылуы, астананы көшіру, индустрияландыру сияқты соңғы ширек ғасырдағы негізгі оқиғаларға баға беріледі деп айтты. Кітапта Мемлекет басшысы Қазақстанның одан әрі даму перспективаларын айтты.

Тарихи публицистика жанрында жазылған, қазақ және орыс тілдерінде басылған Елбасының бұл еңбегі еліміздің жаңа тарихы мен оның ертеңіне деген автордың көзқарасын танытады. «Тәуелсіз Қазақстан тарихы кез келген қолайсыз үрдістерді жеңіп, ең жоғары мақсаттарға қол жеткізуге болатынын дәлелдейтін біз үшін маңызды сабақ». Осы сөздермен Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабы аяқталады. Жол арасында жастарға– әрқашан жетілдіріліп, еңбек етіп, орнында тұрмау деген маңызды бағыт беріліп тұр. Ең бастысы, өз ойлауын, көзқарастарын өзгерту.  Өйткені Ұлы тарих ұлы болашақ тудырады. Біздің әрқайсымыздың, осы кітаптың миллиондаған оқырмандарымыздың осы кітапты өзінің жеке оқуы болады. Әр адам мұнда өзіне маңызды нәрсе табады.

Іс-шара үстінде мейірімді, ашық атмосфера орнады, қатысушылар «Тәуелсіздік – ұлттық өрлеудің ұлы күші» атты кітап пен сурет көрмесімен танысты. Еркін сұхбаттасу форматында өткен шараға кездесудің қонақтары ризашылықтарын білдірі. Конференцияға қатысушылар мен «БОТА» жастардың интеллектуалдық орталығының мүшелері жасөспірімдердің қатынастары және көпшілік жұмыс бөлімінде әңгімелесіп, әсерлерімен бөлісті, суретке түсті.

 Іс-шара туралы ақпарат ТВ – 1-Карагандинский арнасында жарияланды.