6 желтоқсан күні Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжінде жасөспірімдердің қатынастары және көпшілік жұмыс бөлімі колледж кітапханасының жетекшісі Б. А. Токабаеваның қолдауымен 50 студент үшін «Латын әліпбиіне көшу – уақыт талабы» атты латын әліпбиіне көшуге арналған көшпелі іс-шара өткізді.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылғы 26 қазандағы «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру туралы» Жарлығы, сондай-ақ оған 2018 жылғы 19 ақпанда енгізілген өзгерістер аясында өткізілді. Іс-шараның барысында қазақ тілінің кезең-кезеңмен латын қарпіне көшуі, қазақ тілінің коммуникация құралы ретінде ғана емес, рухани жаңғырудың, ұлттық сәйкестікті бекітудің қуатты факторы ретінде барлық әлеуетін ашатын жаңартылуы қажеттілігі туралы айтылды.

Студенттер плакаттар, карточкалар, слайдтарды пайдаланып, «Адасқан әріптер», «Әліпби кілті», «Сиқырлы тізбек» атты ойындарға белсенді түрде қатысып, викторина сұрақтарына жауап іздеді. Аудиторияға латын графикасын жазу туралы бейнероликтер көрсетілді.

Іс-шара студенттер мен оқытушылардың қолдауымен жоғары деңгейде өтті.