Қаңтарбаев, Ә.

Жұлдыздар сөнбейді : Новелла, әңгімелер, көркем очерктер, публикациялар. / Ә. Қаңтарбаев ; ред. А. Қарамырза. - Алматы : "Баспа", 2017. - 338 бет.

«Жұлдыздар сөнбейді» - жазушы Әлібек Қаңтарбаевтың әр жылдары жазылған шығармаларының жиынтығы. Автордың кез келген шығармасындағы кез келген кейіпкерінің көгентүптегі асқақ арманы біреу, ол-Егемендік. Егіле, үздіге аңсайды соны. Жазушы «Алаш азаматы» атты интеллектуалдық сұхбатында академик Ережеп Мәмбетқазиевпен диалогқа түсе отырып, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстанда, оның ішінде білім беру саласында болған қиыншылықтар, жалпы осы саланың бүгіні мен ертеңі хақында ой толғамдарын беруге әрекеттенген. Жинақтың соңғы бөлімінде қазақтың әдебиеті мен өнерінің біртуарларымен жүргізілген сұхбаттар, көркем очерктер берілген. Автордың тілі жатық, ой толғамдары салиқалы да салмақты. Бұл жинақтағы кез келген шығарма оқырманын бейжай қалдырмасы анық.