Бекітемін

Қарағанды облысының мәдениет, архивтер

және құжаттама басқармасының

«Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық

жасөспірімдер кітапханасы» КММ басшысы

__________________Н.Қ. Каленова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҚЫРМАН ҰРПАҒЫ – 2021»

балалар мен жасөспірімдер оқуын қолдауға арналған

жалпыұлттық акциясы және «ReadBooks» аумағы»

желілік жобасы шеңберінде

«Кітаптың сүйікті дәйексөзімен бөлісіңіз!»

облыстық желілік

акциясын өткізу туралы

ЕРЕЖЕ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды-2021

 

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҚЫРМАН ҰРПАҒЫ – 2021» балалар мен жасөспірімдер оқуын қолдауға арналған жалпыұлттық акциясы және «ReadBooks» аумағы» желілік жобасы шеңберінде

«Кітаптың сүйікті дәйексөзімен бөлісіңіз!»

облыстық желілік акциясын өткізу туралы

ЕРЕЖЕ

 

 

1.ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1.1. Осы ереже дәйексөздердің «Кітаптан сүйікті дәйексөзбен бөліс!»желілік акциясының мақсаттары мен міндеттерін, өткізу тәртібін айқындайды;

1.2. Акция «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҚЫРМАН ҰРПАҒЫ – 2021» балалар мен жасөспірімдер оқуын қолдауға арналған жалпыұлттық акциясы және «ReadBooks» аумағы» желілік жобасы шеңберінде өткізіледі;

1.3.  Акцияны Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырады;

1.4.  Акцияны өткізу барысы туралы ақпарат және осы Ереже кітапхананың сайтында және әлеуметтік желілерінде орналастырылатын болады;

 

 

2. ЖЕЛІЛІК АКЦИЯНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

 

2.1. Әлемдік және отандық әдебиеттің үздік туындыларын танымал ету;

2.2. Жастардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын ояту;

2.3.  Жеке тұлғаның рухани-адамгершілік тәрбиесінің құралы ретінде кітап пен оқудың маңыздылығын ашу;

2.4.  Жастардың шығармашылық әлеуетін жандандыру және қолдау, шығармашылық жетістіктерді насихаттау;

2.5. Жастар арасында бос уақытты өткізудің әртүрлі нысандарын қолдау және ілгерілету;

2.6. Кітапханаға жаңа оқырмандарды тарту;

 

 

3. ЖЕЛІЛІК АКЦИЯНЫ ӨТКІЗУДІҢ ТАЛАПТАРЫ МЕН ШАРТТАРЫ

 

3.1. Акция 2021 жылдың 28 мамырынан 30 қыркүйегіне дейін өткізіледі;

3.2. Қатысушылардың жасы: Қарағанды облысының 14-тен 29 жасқа дейінгі жастары;

3.3. Акцияға қатысушылар кез келген форматта (фото, бейне, аудио, инфографика, интерактивті плакат, сурет, өз нұсқасы және т. б.) әдеби шығармадан алынған қанатты сөздер, дәйексөздер, дана ойлар, пікірлер жазылған шығармашылық жұмыстарын ұсынуы қажет;

3.4. Әдеби шығарманы таңдау кезінде шектеулер қойылмайды;

3.5. Бір қатысушыдан 3 артық емес жұмыс қабылданады;

3.6. Жіберілген жұмыстарда қатысушының аты-жөні және дәйексөз алынған шығармаға сілтеме (автор, шығарманың атауы) көрсетілуі міндетті;

3.7. Тілі: қазақ, орыс, ағылшын. Ағылшын тіліндегі жұмыстар қазақ немесе орыс тілдеріндегі титрлермен сүйемелденуі тиіс;

3.8. Ұйымдастырушылар мәлімделген талаптарды қанағаттандырмайтын немесе адамдардың намысына тиетін материалдары бар жұмысқа жол бермеуге немесе оны алып тастауға құқылы;

3.9. Акцияға қатысқысы келетіндер «Дәйексөз» белгісімен өздерінің шығармашылық жұмыстарын This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық поштасына жібереді;

3.10. Қатысушының жұмысқа қоса өзі туралы қысқаша ақпаратты (қосымшаны қараңыз) және жұмыс астына мәліметтерді (фотосурет авторы, дәйексөз көзіне сілтеме (автор, шығарманың атауы) жазып қоюы керек;

3.11. Техникалық талаптар:

бейне: МР4 от  480-720 megapixel;

аудио: 192-320kbps жоғары сапалы МР3;

ұзақтығы 1 минуттан аспауы керек;

 

4. БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

 

- акцияның тақырыбы мен шарттарына сәйкестігі;

- шығармашыл (креативті) тәсіл;

- жұмыстың көркемдік деңгейі;

- техникалық орындалуы;

- жалпы қабылдау;

- жұмыс мазмұнының идеясы мен тереңдігі.

 

5. ЖЕЛІЛІК АКЦИЯНЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ МЕН МЕРЗІМДЕРІ

 

5.1. Акцияға қатысуға 2021 жылғы 28 мамыр-25 қыркүйек аралығында жіберілген жұмыстар қабылданады;

 

6. ЖЕЛІЛІК АКЦИЯНЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

 

6.1. Барлық материалдар кітапхананың сайтында және әлеуметтік желілерінде жарияланады;

6.2. Жеңімпаздар тізімі сайтта және әлеуметтік желілерде қазан айының басында жарияланады;

6.3. Қорытынды шығару 2021 жылғы 26-30 қыркүйекте жүргізіледі. Жеңімпаз ашық дауыс беру арқылы таңдалады: ең көп «лайк» жинаған жұмыстар ең жақсы деп анықталады;

6.4. Жеңімпаздарға (1-2-3 орын) дипломдар мен сыйлықтар, барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі;

 

Желілік акцияға қатысу үшін кестені толтыру қажет (қосымшаны қараңыз) және жұмыспен бірге «Дәйексөз» белгісімен This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық поштасына жіберу керек;

 

Байланыс ақпараты

 

Ж.Бектұров атындағы ОЖК, тел. 8 (7212) 43-06-50, 43-07-04

Қарағанды қ., Ержанов к., 8А.

E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Кітапхана сайты: www.uniorlib.kz.

Ақпарат әлеуметтік желілерде, біздің Instagram парақшаларымызда орналастырылады: https://www.instagram.com/bekturov_library/.,

Facebook: https://www.facebook.com/Карагандинская-ОЮБ-имени-Жайыка-Бектурова-2315612788651091/

В контакте: https://vk.com/id210384404

 

Қосымша

1.

Қала

 

3.

Аты-жөні

 

4.

Туған жылы, күні, айы

 

5.

Оқу орны, жұмыс орны

 

6.

Дәйексөз көзі (әдеби шығарма)

 

7.

Байланыс телефоны