1. 1.     ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1.1 Осы ереже Қарағанды облысының барлық өңірлерінен 15-24 жас аралығындағы жастар арасында III Бектұров оқуларын өткізудің мақсаттарын, міндеттерін және өткізу тәртібін айқындайды.

1.2 III Бектұров оқуларының ұйымдастырушылары:

- Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы (құрылтайшысы);

- Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы (ұйымдастырушы).

1.3 Осы Ереже байқауға қойылатын талаптарды және өтінімдерді беру мерзімдерін айқындайды;

1.4 Облыстық байқаудың жеңімпаздары дипломдармен, алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталады 

 

  1. 2.     БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

 

2.1 Жастар арасында Жайық Бектұровтың шығармашылық мұрасын насихаттау, отансүйгіштікке тәрбиелеу, жазушының өмірі мен шығармашылығы арқылы өз елінің тарихына, өткеніне деген қызығушылық пен құрметті ояту;

2.2  Жас ұрпақтың жалпы оқуға, атап айтқанда Жайық Бектұровтың шығармаларына деген ынтасын қалыптастыру;

2.3  Көркем әдебиетті насихаттау;

2.4 Поэтикалық сипаттағы шығармаларды мәнерлеп оқу дағдыларына үйрету;

2.5 Мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту, көркем әдебиет арқылы тіл мәдениетін арттыру;

2.6  Жас ұрпақты адамгершілік және зияткерлік тәрбиелеу;

     2.7  Жастардың зияткерлік дамуы үшін жағдай жасау.

 

  1. 3.     БАЙҚАУДЫҢ ШАРТТАРЫ МЕН ТАЛАПТАРЫ

 

3.1   III Бектұров оқуларының облыстық байқауы 2022 жылғы 14 қазанда сағат 11.00-де Қарағанды қаласында өтеді;

 

3.2   Байқау қазақ тілінде өткізіледі;

 

3.3   15-тен 24 жасқа дейінгі жастар қатысады;

 

3.4   Байқау екі номинация бойынша өтеді:

 

I  номинация: «Шежіре жүрек шерткен сыр»   

Ж. Бектұровтың «Енеден ерте айрылған төл секілді...» публицистикалық жинағынан үзінділерді байқауға қатысушының мәнерлеп жатқа оқуы;

 

ІІ номинация:  «Дәуір жыршысы»

Ж. Бектұровтың өлеңдері мен поэмаларын байқауға қатысушылардың мәнерлеп жатқа оқуы;

3.5                 Бір қатысушы номинациялардың біреуіне ғана қатыса алады;

3.6                 Оқылатын мәтіннің көлемі 3 минуттан аспауы тиіс.

 

Қатысушылардың шеберлігін бағалау критерийлері:

 

  • Мәнерлеп оқу шеберлігі;
  • Дауыс тәсілі және сөйлеу тазалығы;
  • Сахнада өзін ұстау мәдениеті;
  • Тақырыпты ашу;
  • Шығарма мәтінін білу.

 

4. ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ МЕН МЕРЗІМДЕРІ

 

4.1                      III Бектұров оқуларының облыстық байқауына қатысу үшін төмендегі үлгіде өтініш толтырып, жеке куәліктің көшірмесі мен 3/4 фотосуретпен бірге 2022 жылдың 26 қыркүйегіне дейін Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының (This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды поштасына) жіберу керек.

 

4.2                      2022 жылғы 14 қазанда сағат 11.00-де III Бектұров оқуларының облыстық байқауы өтеді;

 

4.3                      2022 жылғы 14 қазанда сағат 15.00-де марапаттау рәсімі өтеді;

 

4.4                      Бір оқу орнынан байқауға тек екі қатысушы қатысады.

 

5. БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРУ

 

5.1 Қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін құзыретті мамандар арасынан қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамына белгілі жазушылар, ақындар, әртістер кіреді. Қазылар алқасының жұмысына басшылықты шешім шығаратын және қазылар жұмысы үшін жауапты болатын төраға жүзеге асырады. Хатшы хаттаманы қазылар алқасының шешімі бойынша ресімдейді.

5.2 Қазылар алқасының шешімі соңғы болып табылады және қайта қаралмайды.

 

  1. 6.                 ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ

 

Қазылар алқасы жеңімпаздарды (І, ІІ, ІІІ орындар және ынталандыру жүлделерінің иегерлерін) анықтайды, оларға дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табыс етіледі.

Жүлде қоры сомасынан жеке табыс салығы ұсталады.

 

 

Мекен-жайы:

индекс 100009, Қарағанды қаласы, Ержанов к-сі, 8-а

Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы, сирек кітаптар, қолжазбалар және мұражай жәдігерлері секторы

Электрондық пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it..

Барлық сұрақтар бойынша келесі телефондар арқылы хабарласуға болады: 8 (7212) 43-07-04, 43-06-50, 43-06-48; 87013583063 Қатаева Жұлдыз Ізтайқызы, сирек кітаптар, қолжазбалар және мұражай жәдігерлері бөлімшесінің басшысы.

1 қосымша

 

III Бектұров оқуларының облыстық байқауына қатысуға өтінім

 

 

Сипаттамасы

Мәліметтер

1

Қатысушының аты-жөні

 

 

2

Туған күні, айы және жылы

 

 

3

Жұмыс орны, оқу орны, топ, сынып

 

 

4

Жауапты оқытушының аты-жөні, оның ұялы телефоны

 

 

5

Қай номинацияға қатысады

 

 

6

Тұратын мекен-жайы

 

 

7

Байланыс телефоны

 

 

8

Банктің атауы, шоттың 20 таңбалы нөмірі