1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1 Осы ереже «Абай - Ұлы даланың дара данышпаны» ХVІ Абай оқулары шеңберінде Абайға арналған Қарағанды облысының жастары арасында облыстық байқау өткізудің мақсаттары мен ережелерін анықтайды.

1.2 Байқауды ұйымдастырушылар:

- Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы (құрылтайшысы);

- Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы (ұйымдастырушысы).

1.3 Осы Ереже байқауға қойылатын талаптар мен өтінімдерді беру мерзімдерін анықтайды.

 

                            2. БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

2.1 Қазақ әдебиетінің көрнекті классигі Абай Құнанбаевтың рухани мұрасын насихаттау;

2.2 Қазақ халқының ұлы ағартушысы туралы оның ілімдері мен әдеби шығармалары арқылы жас ұрпақтың жоғары адамгершілігін қалыптастыру.

2.3 Талантты шығармашыл жастарды анықтау және қолдау, олардың өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік беру;

2.4 Әдеби және көркем талғамға тәрбиелеу, сондай-ақ көркем әдебиет арқылы ана тілін қолдану сапасын жақсарту.

 

                            3. БАЙҚАУДЫҢ ТАЛАПТАРЫ МЕН ШАРТТАРЫ

3.1 ХVІ Абай оқулары Қарағанды қаласында өтеді;

3.2 Байқау мемлекеттік тілде өтеді;

3.3 Байқауға Қарағанды облысының 15-24 жас аралығындағы жастары қатысады;

3.4 Байқау үш номинация бойынша өтеді:

  • «ӨЛЕҢ СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ» - ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу сайысы;
  • «АБАЙ ӘНДЕРІ» - ақынның әндерін орындау, вокалдық сайысы;
  • «АДАМЗАТТЫҢ АБАЙЫ» - ақын туралы эссе жазу, прозалық сайыс;

Ескертпе: қатысушы тек бір ғана номинацияға қатыса алады.

 

4. НОМИНАЦИЯЛАР БОЙЫНША БАЙҚАУДЫҢ ТАЛАПТАРЫ МЕН ШАРТТАРЫ

 

 

«ӨЛЕҢ СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ» номинациясы бойынша байқаудың талаптары мен шарттары

 

4.1 Бұл номинация бойынша қатысушылар Абайдың өлеңдерін  мәнерлеп жатқа оқиды;

4.2 Әр оқылым 3-5 минуттан аспауы керек;

4.3 Оқу барысында музыкалық сүйемелдеу, декорация, костюм қолдануға болады;

4.4 Әр қатысушы шығарманы ешкімнің көмегінсіз өзі оқуы керек.

 

      «АБАЙ ӘНДЕРІ» номинациясы бойынша байқаудың талаптары мен шарттары

 

4.5 Бұл номинация бойынша қатысушылар Абайдың әндерін музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен орындайды (домбыра, баян, жетіген және т. б.).

 

«АДАМЗАТТЫҢ АБАЙЫ» номинациясы бойынша байқаудың талаптары мен шарттары

 

4.6 Бұл номинация бойынша қатысушылар жұмыстарды ұйымдастырушылардың This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық мекенжайына 2022 жылдың 16 қыркүйегіне дейін жібереді;

4.7 Эссе байқау тақырыбына сәйкес келуі керек, келесі критерияларға сәйкес рәсімделуі тиіс: А-4 форматы, Microsoft Word, Times New Roman шрифті, шрифт өлшемі 14, жоларалық интервал 1, 2 беттен аспауы керек;

4.8 Жинақтарда, мерзімді басылымдарда, сайттарда, әлеуметтік желілерде жарияланған, басқа байқауларға ұсынылған және талаптарға сай келмейтін шығармалар байқауға жіберілмейді;

4.9 Байқауға жіберілген жұмыстар кері қайтарылмайды.

 

Қатысушылардың шеберлігін бағалау критерийлері

 

  • Мәнерлеп оқу шеберлігі: интонация, ым-ишара, сахналық образ;
  • Қатысушылар құрамы: жеке;
  • Таңдалған шығарманың бірегейлігі;
  • Орындаушының сыртқы келбеті (костюм, декорация)
  • Сахналық мәдениет, музыкалық өңдеу;
  • Орындаушылық шеберлік (дауыс диапазоны және т.б.).
  • Эссе тақырыбына сәйкес жазу стилін (баяндау, пайымдау, сипаттау) таңдай білу.

 

 

 

5. Байқауды өткізудің тәртібі мен мерзімдері

 

5.1 Төменде көрсетілген үлгіде өтінім толтырып, жеке куәліктің көшірмесі мен 3/4 фотосуретпен бірге 2022 жылдың 15 сәуірі мен 16 қыркүйегі аралығында Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының (This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық поштасына) жіберу қажет;

5.2 Байқау 2022 жылы 20 қыркүйек күні сағат 11.00-де кітапханада өтеді;

5.3 2022 жылы 20 қыркүйек сағат 14.00-де әділқазылар алқасы қатысушылар арасынан үздіктерді іріктейді;

5.4  2022 жылы 28 қыркүйек сағат 11.00-де Абай ескерткіші алдында байқау жеңімпаздарынмарапаттау рәсімі өтеді.

 

6. Байқаудың қорытындысы

6.1 Қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін белгілі жазушылар, ақындар, әншілер, мұғалімдер мен журналистер арасынан қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасын төраға басқарады, ол шешім қабылдайды және қазылар алқасының жұмысына жауап береді. Хатшы қазылар алқасының шешімімен хаттама жасайды. Қазылар алқасы қатысушылардың жазбаларын бағалайды, байқау соңында нәтижелерін жариялайды.

6.2 Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

6.3 Марапаттау рәсімінде жүлделі орындарға ие болғандар Абайдың  өлеңдерін мәнерлеп оқуға мүмкіндік алады.

 

7. Жеңімпаздарды марапаттау

 

Әділқазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап (Бас жүлде, I, II және III орын), диплом мен қаржылай сыйлықтарды табыстайды.  

 *Жүлде сомасынан жеке табыс салығы ұсталады.

 

Мекен-жайы:

Қарағанды ​​қ., Ержанов к-сі, 8-А

Е-mail: karaganda_oub @ mail / ru

Сайт - http://uniorlib.kz/ru/.

 

Қосымша сұрақтар бойынша байланыс телефондары:

Телефон: 8 (7212) 43-07-04; 43-06-50.

8 700 393 64 40; 8 702 189 00 4

 

ҚОСЫМША 1

 

«Өлең сөздің патшасы» номинациясына қатысуға өтінім

Сипаттама

Мәлімет

1

Қатысушының аты-жөні

 

 

2

Туған күні, айы, жылы

 

 

3

Оқу, жұмыс орны

 

 

4

Тұрғылықты мекен-жайы

 

 

5

Байланыс телефоны

 

 

6

Банктің атауы, шоттың 20 таңбалы нөмірі

 

 

ҚОСЫМША 2

 

«Абай әндері» номинациясына қатысуға өтінім

Сипаттама

Мәлімет

1

Қатысушының аты-жөні, қысқаша өмірбаяны (шығармашылық өмірбаяны, қатысқан байқаулары туралы мәліметтер)

 

2

Туған күні, айы, жылы

 

 

3

Оқу, жұмыс орны

 

 

4

Тұрғылықты мекен-жайы

 

 

5

Байланыс телефоны

 

 

6

Орындайтын әннің аты

 

 

7

Музыкалық аспапта ойнайтын адамның аты-жөні (егер болса)

 

8

Банктің атауы, шоттың 20 таңбалы нөмірі

 

 

ҚОСЫМША 3

 

«Адамзаттың Абайы» номинациясына қатысуға өтінім

Сипаттама

Мәлімет

1

Қатысушының аты-жөні

 

 

2

Автордың лақап аты

 

 

3

Туған күні, айы, жылы

 

 

4

Оқу, жұмыс орны

 

 

5

Тұрғылықты мекен-жайы

 

 

6

Байланыс телефоны

 

 

7

Банктің атауы, шоттың 20 таңбалы нөмірі