Баспасөз баяны

Оn-line режиміндегі

Республикалық «Назарбаев оқулары»  

 

2017 жылы 28 қарашада сағат 14.00-да «Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы» Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Күніне орай, Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында, on-line тәртібіндегі дәстүрлі Республикалық «Назарбаев оқуларын» өткізеді.

Мақсаты: Елбасының ұстанымын, халық үшін жасаған ерен еңбегін үлгі етіп, жастарды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.

 

Оn-line режимін бірлесіп ұйымдастырушылар:

  • Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы;
  • Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы;
  • Қарағанды қаласының М.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханасы;
  • Ақтөбе облыстық С.Жиенбаев атындағы жасөспірімдер кітапханасы.