НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР, КОНКУРС!
Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы Қарағанды облысы мәдениет, архив және құжаттандыру басқармасы қолдауымен «Абай тағылымы – халық даналығы» ХII Абай оқулары аясында Қарағанды облысы жастар арасында конкурс өткізеді.
Конкурс мақсаты - жастардың шығармашылық белсенділігін насихаттау, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру және шығармашылық қабілетін дамыту.
Жасы 15 пен 25 арасындағы қабілетті, шығармашыл жастарды қатысуға шақырамыз.
Конкурстың өту уақыты 2018 жыл 1 маусым мен 5 қыркүйек аралығы.
Жүлдегерлерді дипломдар мен сыйлықтар күтеді.
Жүлдегерлерді марапаттау 2018 жыл 20 қыркүйек сағат 11.30-да Абай Құнанбайұлы ескерткіші алдында салтанаты іс-шарада болады.
Конкурсқа қатысу үшін оның Ережелерімен танысыңыз.
Біздің сайттың жаңалықтарын қадағалап отырыңыз.
Сіздің жаңалықты жұмыстарыңызды күтеміз. Қатысыңыз, сыйлықтан құр қалмаңыз!