2018 жылғы 24 қазанда сағат 14-00 де Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Ел тариxы адамдар тағдырында» кітабының таныстырылымы өтеді.
Идеяның авторы және ұйымдастырушысы "Қайым Мұхамедханов атындағы Білім және мәдениет орталығы" Қоғамдық қоры (Алматы қ.), оның міндеті - білім беру және қоғам мәдениетін жетілдіру, отансүйгіштікке тәрбиелеу және рухани адамгершілік құндылықтарды жаңғырту, есте сақтау мәдениетін қалыптастыру.
Биылғы жылдың басында Қоғамдық қор осы кітапқа арналған материалдарды жинақтау бойынша Республикалық акция жариялады. Қарағанды облысынан кітапқа 30-дан астам жұмыс енді.
Кітаптың алғашқы таныстырылымы Қарағанды қаласында өтеді.
Шараға "Қайым Мұхамедханов атындағы Білім және мәдениет орталығы" Қоғамдық қорының  директоры, PhD профессоры, білім беру саясаты және халықаралық білім беруді дамыту саласындағы халықаралық сарапшы Дина Мұхамедхан  қатысады.