Бектұров, Ж.К. 

Жол жоралғысы [Мәтін]: очерктер / Ж.К.Бектұров. – Алматы: Жазушы, 1977. – 88 бет.

Жайық Бектұров – қарт қаламгерлердің бірі. Автор көп жылдар бойы баспасөз саласында жауапты қызметтер атқарған.

Бұл жинаққа қаламгердің Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уәлиханов, Григорий Потанин, қобызшы-жыршы Нұрғожа Атабеков жайлы тарихи көркем очерктері енгізілді.

Жинақ қалын оқушы қауымға арналған. Автордың тілі шұрайлы, қарапайым. Тарихи-көркем очерктер тартымды оқылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бектұров, Ж.К.

Өткел [Мәтін]: өлеңдер мен поэмалар / Ж.К.Бектұров. – Алматы: Жазушы, 1991. – 80 бет.

ISBN 5-605-00055-1

Қарт қаламгер Жайық Бектұровтың есімі қалың оқырман қауымға жақсы таныс. Оның «Өткел» жинағына бірталай өлеңдері мен «Ақын мен арамза», «Қарындасқа хат» атты поэмалары еніп отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бектұров, Ж.К.

Ақиқаты осы еді [Мәтін]: естеліктер / Ж.К.Бектұров. – Алматы: Ғылым, 1995. – 116 бет.

ISBN 5-628-01773-6

Белгілі жазушы-журналист Жайық Бектұровтың «Ақиқаты осы еді» атты естелігінде Әбілхайыр ханның немересі Баймұханбет сұлтаннан бастап, Кенесары-Наурызбай дәуіріндегі елін, жерін қызғыштай қорғаған батырлар мен ғұламалардың бірлікке, ерлікке толы кезеңдері, сондай-ақ Әлихан, Міржақып, Мағжан, Ахмет, Жүсіпбектей тұлғалардың заманның қос өкпеден қысқан тар жол, тайғақ кешуіндегі отбасындағы, қоғамдағы, мемлекеттік деңгейдегі өрелі-өнегелі өмірнамалары, естен кетпес сталиндік қуғын-сүргіндегі автордың өзі және замандастары тартқан тағдыр тауқыметі, «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу», «Батыр Баян», «Киік», басқа да аңыз, ертегі, қиссалардың түп төркіні өзі туып-өскен Сарыарқа өлкесінен өрбуінің қыр-сыры, өзге де тарихи деректер нақты дәлелмен кеңінен суреттеледі.

 

 

 

 

 

 

 

  

Бектұров, Ж.К.

Таңба [Мәтін] / Ж.К.Бектұров. – Алматы: Қазақстан, 1997. – 304 бет.

ISBN 5-615-01856-5

Сталиндік зұлматтың көп азабын бастан кешкен қарт жазушы осынау шығармасында бейәділет заманның барлық ауыртпалығын, соған дейін әртүрлі өмір жолынан өткен түрлі адамдардың тағдырын барынша шыншылдықпен, көркем көрсете білген. Жалпы бұл шығарма азап лагеріндегі өмірді қазақ әдебиетінде бейнеленген тұңғыш еңбек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

  

Бектұров, Ж.К.

Енеден ерте айрылған төл секілді... [Мәтін] / Ж.К.Бектұров; құраст. Н.Оразбек. – Алматы: Қазақстан, 2002. – 624 бет.; 16 сурет.

ISBN 5-7667-5669-0

Жинаққа автордың әр жылдары жазылған публицистикасы енді. Сталиндік зұлматтың қанды шеңгелінен көп азап шеккен қарт қаламгер өзінің өткір де шыншыл шығармаларында қоғамдық құрылыстың әділетсіздігін, тоталитаризмнің озбырлығын, ұзақ жылдар бойы қыспақтан қазақ халқы шеккен азап сырын ашады, халық тағдырының қисынсыз идеологияға сәйкес бұрмаланып бейнеленуін әшкерелейді, тәуелсіздік тұсында қайталанбауға тиіс өткеннің қателіктерін таңбалап көрсетеді. Кітап қалың оқырман қауымға арналған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

Бектұров, Ж.К.

Таңба [Мәтін] / Ж.К.Бектұров; құраст. Н.Оразбек. – 2-ші бас., толықт. – Алматы: Қазақстан, 2011. – 480 бет.

ISBN 9965-10-102-7

Осынау жинаққа енген шығармалардың авторы Жайық Бектұров (1912-1998) сталиндік лагерьлердің азабын тартқан қазақ жазушыларының бірі. Алайда басқа жазушылардың бірде-бірі кезінде бұл тақырыпқа қалам тартқан жоқ. Ж.Бектұров сол азапты шыншыл тұрғыдан бейнеленген жалғыз жазушы деуге болады. «Таңба» романы, жинаққа енген басқа да шығармалар соған айғақ. Әрі жас ұрпаққа аса қажет тәрбие құралы. Кітап қалың оқырман қауымға арналған.

Бұл кітап толықтырылып, жазушы Ж.Бектұровтың 100-жылдық мерейтойына қарсы арналып шығарылған екінші басылымы.