Ж. К. Бектұровтың шығармашылығын дәріптеу

2001 жылы  14 қыркүйекте № 1205  Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы бойынша Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасына журналист-жазушы, Қарағанды қаласының Құрметті азаматы Жайық Кәгенұлы Бектұровтың есімі берілді.

Кітапхананың негізгі міндеттерінің бірі – Ж.К. Бектұровтың шығармашылығын тереңдетіп зерттеу және насихаттау, өмірі мен шығармашылығы туралы басылымдарды шығаруды  жүзеге асыру.

 

2001 жыл

2001 жылдың 12 желтоқсанында кітапханада жазушы Ж. Бектұровтың мемориалдық кабинет-мұражайының ашылу салтанаты өткізілді.

Мұражай жазушының жеке кітапханасынан, мұрағатынан және жазушының жеке заттарының экспозициясынан тұрады. Мұражайдың кітап қоры өте бай: оның құрамында ХІХ-ХХ ғасырлардағы басылымдар қазақ, орыс, араб тілдеріндегі кітаптар, миниатюралық басылымдар, өткен ғасырдың 40-90 жылдарындағы газет материалдарының үлкен қоры бар. Бұл қордың негізінде қаланың гуманитарлық жоғары оқу орындарының жас ғалымдары ғылыми дипломмдық және диссертациялық жұмыстар жазады. Мұражай қызметкерлері зерттеу жұмыстарын жүргізіп, Ж. Бектұровтың шығармаларын насихаттайды.

 

2012 жыл

2012 жылы  18 қазанда Ж. К. Бектұровтың 100-жылдық мерейтойына арналған «Ғасыр дауысы» Халықаралық мерейтой конференциясы ұйымдастырылды.  «Ғасыр дауысы» халықаралық мерейтой конференциясына еліміздің ғылыми және мәдени зияткерлерінің, ҚРКА-сының, Ресей, Украинаның мемлекеттік кітапханаларының, Қазақстан Республикасының облыстық әмбебап ғылыми кітапханаларының және жасөспірімдер, балалар мен жасөспірімдер кітапханаларының, Қарағанды қаласының жоғары оқу орындары кітапханаларының өкілдері, мұражай, мұрағат ісінің мамандары қатысты (70 шақты адам). Толық мәжіліс барысында 9 негізгі баяндама мен тұсаукесер ұсынылды. Баяндамаларда Ж. Бектұров жеке тұлғасының әдебиет, мәдениет үшін маңыздылығы, жазушының өмірбаяны мен шығармашылығы, Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысының, жалпы Қазақстанның тарихына қосқан үлесі  аталды. 

 

2016 жыл

2016 жылғы 10 қарашада Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының 40 жылдық мерейтойы аясында,  «Көкірегі көмбе  тау тұлға» атты I Бектұров оқулары ұйымдастырылды.      

Мақсаты - тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті, оның ішінде Жайық Бектұров  шығармаларын насихаттау және кеңінен тарату,  қаламгер шығармаларына зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы  халық арасынан талапты, талантты жастарды іздеп табу, жастарды Ж.Бектұровтың өмірі мен шығармашылығы арқылы өз елінің тарихын білуге және сыйлауға баулу.

Бектұров оқулар үш номинация бойынша өткізілді:

            I-номинация - «Жырлары өз дәуірінің айнасы» - ақын өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқу;

         II-номинация - «Мен дегенің  жел ұшырған бір қурай»  - қаламгерге арнау өлеңдері;                    

         III-номинация - «Ж. Бектұров және оның зерттеу еңбектері» - Ж.Бектұровтың зерттеушілік еңбектеріне арналған эссе жазу.

 «Жырлары өз дәуірінің айнасы» (ақын өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқу). I  номинациясына төрелік еткен әділ-қазылар алқасының құрамы:

     Киекбаев Бекмұхамет Мұқатайұлы -  С. Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрының актері; Жұмай Жадыра Сембековна – кітапхананың  ардагер қызметкері; Мұсабеков Бахытқали Мұхаметқалиұлы - Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, қоғам қайраткері.

1 орын иегері: Баяхмет Аққу- ҚМББ «Болашақ» колледжінің студенті;

2 орын иегері: Әмірғазы Еламан –ҚарМТУ студенті;

3 орын иегері: Нұртазинова Жанерке - № 65 ЖБМ оқушысы.

Ерекше дипломмен марапатталған Михуля Юрий- Қарағанды коммерциялық колледж студенті:

Алғыс хаттармен марапатталғандар:

Рахатжан Рийган - ҚМББ «Болашақ» колледжінің студенті;

Азирбай Ханзада - Қарағанды техникалық құрылыс колледжінің студенті;

Алшынбек Жаннұр – Қарағанды экономикалық университеті;

Өнербек Нұрлан -№ 36 ЖБМ оқушысы;

Асқарова Әсем - ҚМББ «Болашақ» колледжінің студенті;

Орынбасарова Ақбота - «Болашақ» колледжінің студенті.

ІІ номинация:

«Мен дегенің  жел ұшырған бір қурай»  (қаламгерге арнау өлеңдері) ІІ номинациясына төрелік еткен әділ-қазылар алқасының құрамы:                        

   Абзал Бөкен – ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері; Руслан Нұрбай – ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі; Жумабеков Кеңес Нарынбайұлы – Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

1 орын иегері: Аманжолова Роза - Қарағанды техникалық құрылыс колледжінің студенті;

2 орын иегері: Үребаева Үміт ҚМББ «Болашақ» колледжінің студенті                         

3 орын иегері- Бауыржан Ерман - Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ студенті

Алғыс хаттармен марапатталған: Ахмет  Нұргүл –  №41 негізгі білім беру мектебінің оқушысы;

Сакенова Аида - «Болашақ» академиясының студенті,

Жұмақан Өмірзақ – Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

«Ж. Бектұров және оның зерттеу еңбектері» (эссе жазу) IIІ номинациясына төрелік еткен әділ-қазылар алқасының құрамы:                    :

Төрехан Майбас – «Орталық Қазақстан» газетінің редактордың орынбасары, Жұмағұлов Айтбай Ботбайұлы – Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ филология ғылымдарының кандидаты, доцент; Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ Смағұлов Жандос Қожахметұлы- филология ғылымдарының докторы, профессор.

1 орын иегері: Каменова Жансая - ҚМББ «Болашақ» колледжінің студенті;2 орын иегері: Қайырбекова Аида - Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ студенті: Оразтай Рүстем - №91 НОМ оқушысы                                                           3 орын иегері: Сағнаева Илана - №68 МИББ кешенінің оқушысы                       Оңдасын Шұғыла - №40 негізгі мектеп КММ оқушысы

Алғыс хаттармен марапатталған:      Набихан Бота - М. Жұмабаев атындағы №39 гимназия оқушысы; Зарубаева Аружан- №77 ЖБМ; Ғұбайдолла Досан - ҚМББ «Болашақ» колледжінің студенті; Әбдіқалиева Ақнұр- М. Жұмабаев атындағы №39 мгимназия оқушысы.

Жайық Бектұров аса бай жанрлық түрлілігімен ерекшеленетін көпқырлы шебер. Романнан басқа жазушы повестер, әңгімелер, өлеңдер, мақалалар, қазақ ұлттық әдебиетінің негізін қалаушылары, атақты қоғам және саясат қайраткерлері туралы көптеген очерктерді жазды. Оның шығармалары – шынайы дарындылықтың дәлелі.  

Іс-шараның қатысушылары мен қонақтары шығармашылығы жастарды өз Отанын, халқын, тарихын құрметтеуге баулитын жазушыға үлкен құрметтерін көрсетті.  Өткізілген іс-шара жастарға жазушының туындыларымен тереңінен танысып, оның шығармашылық әлеміне кіріп, сол кездегі уақыт лебін сезінуге мүмкіндік берді. 

 

2017 жыл

    2017 жылғы 8 қарашада  Ж. Бектұровтың  105 жылдығына орай, «Алаштың ардақты азаматы» атты II Бектұров оқулары өткізілді.

   Екі номинация бойынша өткен іс-шараға  мектеп, колледж, жоғары оқу орындарынан және кітапхананың «БОТА» жастар орталығынан  жас ақындар қатысты. Байқау шарты бойынша «Тағдыр Таңбасы» I номинациясында  "Таңба" романынан жатқа үзінді  оқыды, "Жайық-жазықсыз жайсаңдар жоқтаушысы"  2 номинациясында үміткерлер шежіре жазушының ұлт ұлылары, қазақ зиялылары туралы жазған еңбектері негізінде ой-толғау (эссе) жазды.

 «Тағдыр Таңбасы» I-ші  номинациясы бойынша «Таңба» романынан үзіндіні жатқа оқу әділқазылар тізімі:

         Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының  басшысы Қаленова Нұргүл Қасымханқызы,  С. Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрының актері Киекбаев  Бекмұхамет Мұқатайұлы, С. Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрының баспасөз хатшысы Батырханова Сағат Сыдыққызы.

 «Таңба» романынан үзіндіні жатқа оқу  І номинациясы бойынша марапатталғандар::

         I дәрежелі диплом, Ахметов Нариман, Қарағанды политехникалық колледж студенті;

         II дәрежелі диплом, Қабкеш Нарғыз,  «Болашақ» маңызды білім беру колледж студенті;

         III дәрежелі диплом, Төлеухан Рабиға, «Кәусар» өнер мектебінің оқушысы.

         Мадақтау қағазы және ынталандыру сыйлықтарымен:

Алшымбеков Шерхан, Ж. К. Букенов атындағы колледж студенті;

Жолдыбай Нұрдәулет, Медициналық  университетінің  студенті;

Көшенова Нұрбике, № 15 ЖББОМ оқушысы.

 «Жайық – жазықсыз жайсаңдар жоқтаушысы» (эссе жазу) II номинациясы бойынша әділқазылар тізімі:

           Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, қоғам қайраткері Мұсабеков Бақытқали Мұхамедқалиұлы, Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің филология ғылымдарының докторы, профессор Смағұлов Жандос Қожахметұлы, Жазушылар одағының мүшесі, журналист, жазушы Жанысбай Сүйіндік Жұмабайұлы; Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің филология ғылымдарының кандидаты, доцент Жұмағұлов Айтбай Ботбайұлы.

Осы екінші номинация бойынша марапатталғандар:

I дәрежелі диплом, Нуренова Фатима, № 39 гимназияның  11 «Ә» сынып оқушысы;

II дәрежелі диплом, Арапбекова Гүлнұр, «Болашақ» маңызды білім беру колледж студенті, ШТ-16-1 топ;

III дәрежелі диплом Хавсил Жібек, Медициналық колледж студенті, II-7 топ.

 Мадақтау қағазы және ынталандыру сыйлықтарымен:

Әбілқас Гүлдерай,  № 76 ЖББОМ  11«Ә»  сынып оқушысы;

Байханова Жаннет, № 92 гимназияның 9 сынып оқушысы;

 Сарсенбаева Жансая, гуманитарлық колледждің  3 курс студенті.

         Кеш қонақтары Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мәдениет және өнерді ұйымдастыру жұмыстарын қамтамасыз ету» бөлімінің бас маманы, Есмаганбетова Анар Тлеубековна, кітапхананың ардагер қызметкері  Жұмай Жадыра Сембековна болды.

         Кеш барысында қазылар шешім шығарғанша көрермендер назарына шағын концерттік бағдарлама ұсынылды. Іс-шара туралы  «Орталық Қазақстан» газетінде жарияланып, «Saryarqa»  телеарнасынан көрсетіледі болады.