Кітапхана басылымы

Сарыарқаға кеңінен танымал, жазушы, Жайық Бектұровтың өмір жолы мен шығармашылығын,  әдеби мұрасын көпшілікке дәріптеуде, әдеби - альманах, библиографиялық құралдар,  жаднамалар құрастырылып  дайындалды.

Бұл басылымдарға  жазушының әдеби мұрасы, Алаш арыстарының есімін мәңгі есте қалдыру бағытындағы жоқтау-толғаулары, жазушының қазақтың классик ақын-жазушылары туралы әр жылдары газет беттерінде жарияланған естеліктері, шығармаларына берген сын-мақалалары, сондай-ақ қаламгердің көзі тірісінде қасында жүріп сөзін естіп, тәлімінен ғибрат алған  республикамыз мен облысымызға танымал тұлғалардың естеліктері енгізілген.