Голдинг, У.
Шыбындар әміршісі: роман / У. Голдинг; ауд. С. Бәйменше. - Нур-Султан: Фолиант, 2021. - 256 бет.
Уильям Голдингтің «Шыбындар әміршісі» шығармасы 1954 жылы жарық көрді. Жасөспірім балалар әуе апатына ұшырап, тіршіліктен тыс қалған аралға тап болады. Балалар алғашында үлкендерше тәртіп орнатып, өз бетінше өмір сүрмек болды, алайда бұл тәртіп ұзаққа бармайды. Балалардың арасында билік үшін күрес басталады. Джек балаларды өзіне бағындырғысы келеді, ал Ральф пен Томпақ торай белгіленген тәртіптің не үшін қажет екенін дәлелдей алмай қиналады. Оқиға шиеленісе түскенде балалар Саймонды, Томпақ торайды еш аяушылық сезімсіз, қатыгездікпен өлтіреді. Осы шығармасы туралы жазушы: «Шыбындар әміршісін» мен соғыстан кейін жазуым тиіс болды, қасіретті соғысты басынан кешкен адам қатыгездіктен жерінер еді, дегенмен шығарманың негізгі түйіні де сол», — деп жазады. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.