2024 жылғы 27 маусымда Нұра кентінде Б. Ысқақов атындағы орталық аудандық кітапханада Нұра ауданы ОКЖ кітапханашыларына арналған «Жастарға сапалы қызмет көрсету шарты ретінде кітапханаларды жаңғырту» семинар-практикумы өткізілді.

Семинар қатысушыларына Нұра ОКЖ директоры Қайырбекова Алмагүл Зекенқызы құттықтау сөз сөйлеп, қазіргі кезеңде кітапханаларды жаңғыртудың маңыздылығын атап өтті.

Ж.Бектұров атындағы ҚОЖК инновациялық-әдістемелік бөлімінің маманы Ольга Николаевна Волкова өзінің «Жаңғырту жағдайындағы кітапхана жұмысының негізгі аспектілері» баяндамасында кітапханаларды жаңғырту кезеңдеріне тоқталып, шетелдік кітапханалар мен еліміздің кітапханаларының тәжірибесін ұсынды.

Ж.Бектұров атындағы ҚОЖК қорларды сақтау және ұйымдастыру секторының жетекшісі Носова Светлана Николаевна жасаған «Кітапхана қорларын сақтау саласын жаңғырту» баяндамасында құжаттарды сақтау саласын жаңғырту, кітапхана қорларын сақтау үдерістеріне жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізу оларды болашақ ұрпақ үшін толыққанды пайдалануға мүмкіндік беретініне баса назар аударылды.

Жаңғырту процесінде оқырмандармен, әсіресе жастармен, жасөспірімдермен жұмыс істеу тәсілдері мен әдістерін, жұмыс жүйелерін реформалау бойынша шаралар кешенін өткізу қажет.

Семинар-практикумда Б.Ысқақов атындағы орталық аудандық кітапхананың жас қызметкерлері өздерін сауатты және креативті мамандар ретінде көрсетті.

Есімі орталық аудандық кітапханаға берілген Бүркіт Ысқақовтың 100 жылдығына орай «Ақын және азамат» атты дөңгелек үстел өткізіліп, «Елін сүйген ердің ізі» фильмі көрсетіліп, Базарбай Аминаның орындауында өлеңдер оқылды.

Кітапханаларды дамыту секторының әдіскері Конурова Карина Асқарқызы өзінің «Атаулы кітапхананың брендингі: Бүркіт Ысқақовтың 100 жылдығына арналған Нұра ОКЖ-нің жұмыс тәжірибесі» баяндамасында ақынға арналған сайт, 2021, 2022 және 2023 жылдары өткен Бүркіт оқулары, ақынның мерейтойына орай аудан кітапханалары өткізетін аса маңызды іс-шаралар туралы айтып берді.

Автоматтандыру секторының жетекшісі Махметова Арайлым Қанатқызы Quizizz платформасында семинарға қатысушылармен «Туған жеріңді сүй және біл» зияткерлік ойнын өткізді.

«ОйLike» командалық ойынында библиография секторының жетекшісі Адыгулова Аида Қайырқызы әзірлеуші және жетекші ретінде шықты.

«Жасөспірімдер» тобының кітапхана пайдаланушыларының бос уақытын жұмыспен қамтуды ұйымдастыру бойынша Нұра кітапханалары арасында үздік кітапханалық іс-шара өткізуге арналған «БиблиоКреатив» шығармашылық байқауы туралы Ысқақов атындағы ОАК кітапханаларды дамыту секторының жетекшісі Нуртазина Светлана Романовна айтып берді.

Семинарда «БиблиоКреатив» байқауының жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды, оларға дипломдар, сертификаттар және бағалы сыйлықтар табысталды.

Семинар-практикум қорытындысында жаңғыртудың негізгі нәтижесі – кітапханалардың қоғамдағы мәртебесі мен рөлін арттыру екендігі атап өтілді.

 

https://www.instagram.com/p/C_xsHWuNLsG/

https://www.instagram.com/p/C8uIIzqNX9x/?img_index=1

https://www.instagram.com/p/C8uIIzqNX9x/?img_index=6

https://www.instagram.com/p/C8ubOmpt_bR


«Жастарға сапалы қызмет көрсету шарты ретінде кітапханаларды жаңғырту»

семинар-практикумы

 

Өткізу күні мен уақыты: 2024 жылғы 27 маусым, сағат 10-00.

Өтетін орны: Нұра кенті

Ұйымдастырушылар: Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы ; Нұра ауданының ОКЖ.

 

БАҒДАРЛАМА

Уақыты

Мазмұны

Сөз сөйлеуші

10.00-10.05

Семинардың ашылуы

Қайырбекова Алмагүл Зекенқызы Нұра ауданы ОКЖ басшысы

10.05-10.20

Жаңғырту жағдайындағы кітапхана жұмысының негізгі аспектілері

Волкова Ольга Николаевна,

Ж. Бектұров атындағы  ҚОЖК инновациялық-әдістемелік бөлімінің маманы

10.20-10.45

Кітапхана қорларын сақтау саласын жаңғырту

Носова Светлана Николаевна, ж. Бектұров атындағы ҚОЖК қорларды сақтау және ұйымдастыру секторының басшысы

10.45-11.20

Ақын Бүркіт Ысқақовтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Ақын және азамат» дөңгелек үстелі.

Дөңгелек үстел аясында мыналар өткізіледі:

  • Бүркіт Ысқақов туралы бейнефильм;
  • Б. Ысқақовтың өлеңдерін оқу;
  • Баяндама:«Атаулы кітапхананың брендингі: Бүркіт Ысқақовтың 100 жылдығына арналған Нұра ОКЖ-нің жұмыс тәжірибесі»

Конурова Карина Асқарқызы,

кітапханаларды дамыту секторының әдіскері, ОКЖ кітапханаларының қызметкерлері

11.20-12.00

Quizizz платформасында «Туған жеріңді сүй және біл» интеллектуалды ойыны

Махметова Арайлым Қанатқызы, автоматтандыру секторының басшысы

12.00-12.30

«ОйLike» командалық ойыны

 

Адыгулова Аида Қайырқызы, библиография секторының басшысы

12.30-12.50

«Жасөспірімдер» тобының кітапхана пайдаланушыларының бос уақытын жұмыспен қамтуды ұйымдастыру бойынша Нұра кітапханалары арасында үздік кітапханалық іс-шара өткізуге арналған «БиблиоКреатив» шығармашылық байқауының қорытындысын шығару

Нуртазина Светлана Романовна, Б. Ысқақов атындағы ОАК кітапханаларды дамыту секторының басшысы

12.50-13.00

Семинарды қорытындылау

Қайырбекова А.З.

Волкова О. Н.