29 мамырда Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында гибридті форматта «Заманауи кітапхана – жаңа ұрпақтың тұлғалық даму аумағы» шығармашылық зертханасы өтті.
«Алматы қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ басшысының орынбасары Спатаева Ләззат Мұхтарқызы және жас мамандары «Алматы қаласының ОКЖ жаңғырту туралы» тақырыбында қызықты әрі өте маңызды баяндамалар жасады. Алматыдағы әріптестерімізге көптеген сұрақтар қойылды. Қарағанды қ. ОКЖ қызметкерлерінің әдістемелік бөлімінің басшысы С. Е. Кейкина Алматы қ. ОКЖ әріптестеріне сапары туралы тәжірибе алмасу бойынша өз әсерімен бөлісті.
Қатысушыларды жастар үшін түрлі әлеуметтік бастамаларды қолдайтын және қаржыландыратын Қазақстандағы жалғыз жобаның менеджері Амантай Абай қызықтырды.
Инновациялық-әдістемелік бөлімнің жетекшісі Ратникова Людмила Григорьевна өз сөзінде кітап оқитын жастармен жұмыс нысаны ретінде чат-боттар, VR-жобалар, мобильді қосымшалар, нейрожелілер және геймификация туралы тоқталды. «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ кітапханашы-библиографы А.А.Тлектес Абай ауданының ОКЖ, Дубовка ауылдық кітапханасының кітапханашысы А.Қ.Ыбрайхан баяндамалар жасады. «Жасөспірімдер психологиясы бойынша практикум: техникалар, әдістемелер, жаттығулар» практикумын дипломды психологтар, сертификатталған гештальт-терапевттер Малых Анастасия Анатольевна, Абдуллаева Оксана Владимировна өткізді.
Қарағанды облысының аудандары мен қалаларының ОКЖ жетекші мамандары өз жұмысының маңызды бағыттарын талқылады, сондай-ақ кітапқа және оқуға жастарды көбірек тарту мақсатында кітапханалардың оқырмандармен, авторлармен, қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылын нығайту перспективаларымен бөлісті.
Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының
«Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы» КММ
«Көкжиек» - «Горизонты» мемлекетаралық кәсіби жобасын іске асыру шеңберіндегі «Заманауи кітапхана – жаңа ұрпақтың тұлғалық даму аумағы» шығармашылық зертханасы
Өтетін күні мен уақыты: 2024 жылғы 29 мамыр, сағат 10-00-де, гибридті форматта
Өтетін орны: Ж. Бектұров атындағы ҚОЖК, Қарағанды қ., Ержанов к-сі, 8-А,
Қазақстандағы әріптестер үшін Google Meet платформасында телекөпір ұйымдастырылады
Іс-шараның мақсаттары:
- Облыс кітапханалары мамандарының біліктілігін арттыру;
- Кітапханалар мәртебесін көтеру.
Креативзертхана бағдарламасы
Уақыты |
Мазмұны |
Сөз сөйлеуші |
10.00-10.05 |
Семинардың ашылуы |
Ратникова Л. Г., Ж. Бектұров атындағы ҚОЖК инновациялық-әдістемелік бөлімінің басшысы |
10.05-10.45 |
Алматы қ. ОКЖ жаңғырту туралы |
Спатаева Ләззат Мұхтарқызы, «Алматы қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ басшысының орынбасары; Мұхаммедова Мақпал Қазақстандық жазушылар кітапханасының басшысы; Набидолла Құндыз, № 14 кітапхана-филиалының меңгерушісі; Курамусова Толқын Алижанқызы «Алматы қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ А.П.Чехов атындағы Орталық қалалық кітапхананың басшысы |
10.45-10.55 |
Әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға тарту арқылы жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру |
Амантай Абай, жоба менеджері «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ |
10.55-11.05 |
Қазіргі кітапхана-жастарды тарту орталығы, ақпарат, коммуникация және демалыс орталығы
|
Тлектес Аружан Абдулғазизқызы, кітапхана, библиограф «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ |
11.05-11.15 |
«Кітапханада дебат клубын құрудың маңыздылығы» |
Ыбрайхан Айгерім Қалқаманқызы, Абай ауданының ОКЖ, Дубовка ауылдық кітапханасының кітапханашысы |
11.15-11.25 |
Кітапхана іс-шараларының жаңа нысандары |
Ратникова Л. Г., Ж. Бектұров атындағы ҚОЖК инновациялық-әдістемелік бөлімінің басшысы |
11.25-12.00 |
Жасөспірімдер психологиясы бойынша семинар: техникалар, әдістер, жаттығулар |
Малых Анастасия Анатольевна, Абддуллаева Оксана Владимировна - дипломды психологтар, сертификатталған гештальт-терапевттер, жұмыс тәжірибесі - 10 жылдан астам |
12.15-12.25 |
Ашық трибуна. Креативзертхана жұмысының қорытындысын шығару |
Ратникова Л. Г., Ж. Бектұров атындағы ҚОЖК инновациялық-әдістемелік бөлімінің басшысы |
https://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-26-28/seminarlar?id=1655&layout=edit#sigFreeIdc34ff6cd59