Домбыра-пати

«Домбыра – біздің тарихымыз, діліміз, салт-санамыз»

 

Мақсаты:

Жастардың ой ұшқырлығын шыңдап, ата-бабадан кәсіп болған дәстүрлі домбыраға қызығушылық сезімін оятып және өнер арқылы білімге терең бойлауға мүмкіндік тудыру. Домбырадан таралған тәрбие–білімнің қайнаған бұлағына, сарқылмас қазынасына, қазақ тіліне өз үлесін қосып келе жатқан үрдіске бағыттау.

 

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау және қайта жаңғырту идеясының төңірегінде, 2018 жылдан бастап шілде айының бірінші жексенбісі «Ұлттық домбыра күні» болып бекітілген. Ұлттық құндылықты ұлықтаған бұл мереке кітапханамызда жыл сайын атап өтіледі.

4 шілдеде «DASTUR»  клубының ұйымдастыруымен «Домбыра – біздің тарихымыз, діліміз, салт-санамыз» атты онлайн домбыра-пати өтті.

Шараға қаламыздың мектеп оқушылары, ЖОО және колледж студенттері,  кітапхана оқырмандары қатысты.

Қатысшулар:
1. Шәріп Мағжан – Қазақ Ұлттық Өнер Университеті Нұрсұлтан қаласы. «Адай күйі»
2. Шәріп Бидәулет- Мамандырылған музыка мектеп интернаты. «Адай күі»: музыкальная композиция «Cera fow»
3. Ыбрайханова Жанерке Талгатовна – Байкадам селолық орта мектебі 8 сынып оқушысы
4. Шакарова Ясмина Азаматовна  - Б. Момышұлы атындағы мектеп – бөбекжай кешені. Халық әні «Еркем –ай»
5. Жанабаева Сымбат -  Б. Момышұлы атындағы мектеп – бөбекжай кешені, 4- ғ сынып оқушысы «Тепенгок»
6. Тұңғышбай Әділбайұлы – күйші. Орыс халық әні «Коробейники»;  Құрманғазы «Балбырауын»

Қатысушылар кітапхана атынан алғыс хаттармен марапатталды.