10 тамызда қазақстандықтар "АБАЙ КҮНІН" атап өтеді. Бұл күні қазақ ақынының шығармашылығына бей-жай қарамайтындардың бәрі ұлы ойшылға құрмет көрсетеді. Осы оқиғаға орай Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының ұжымы ұлы ақын және ағартушы Абай Құнанбаевқа арналған онлайн-іс-шаралар топтамасын дайындады.

Біз үшін Абай Құнанбаев - ақын, ағартушы, ойшыл, жаңа қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор. Қазақ халқының ұлы перзенті өзінен кейін керемет туындыларын қалдырды. Оның өлеңдері мен "Қара сөздерінде" қазақтардың өмір салты: болмысы, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, менталитеті бейнеленген. Абайдың жалынды өлеңдері мен даналы "Қара сөздері" ешқашан өзінің күші мен өзектілігін жоғалтпайды.
10 тамыз күні сағат 10.00-де кітапхананың әлеуметтік желі беттерінде "Менің Абайым" - "Мой Абай" онлайн-марафоны басталды, оған Ж.Бектұров атындағы кітапхана қызметкерлері қатысты. Олар қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі бейнеорындауларында өмірлерінде Абайдың қандай орын алатынын және ұлы ақын мен ағартушы шығармашылығының жастар арасында патриотизмге, еңбексүйгіштікке, білімге, әділеттілікке және өз халқы үшін мақтанышқа негізделген құндылықтардың дұрыс жүйесін насихаттау үшін қаншалықты маңызды екендігі туралы әңгімелеп берді.
11.00-де әлеуметтік желілердегі мерекелік онлайн - бағдарламаның жалғасы "Абайды оқы" - "Прочитай Абая" акциясы болды, оған Қарағанды облысының оқу орындарының жастары қатысты. Акцияның негізгі мақсаты: өскелең ұрпақты ұлы ақынның поэтикалық мұрасына баулу, Отанына деген жоғары патриоттық сана мен мақтаныш сезімін қалыптастыру. Акция барысында жастар Абайдың сүйікті жолдарын үлкен ықыласпен оқыды.
Сағат 12.00 – де балаларға қызмет көрсету бөлімі "Абай-кемел ойдың кемеңгері" атты бейнеоқылымды дайындады, оның барысында кітапхананың кішкентай оқырмандары Абай Құнанбаевтың өлеңдерін жатқа оқиды.
"Абай күнін" "Әлем таныған Ұлы Абай" кітап көрмесінің тұсаукесері аяқтады.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен жарияланған мереке, Абай күні аясында барлық қазақстандықтар "Абай әлемі" жалпыұлттық идеясымен бірігетіні қуантады.