2021 жылғы 12 қыркүйекте Қазақстанда Отбасы күні атап өтіледі. Отбасы күні неге соншалықты маңызды? Қазақстан бұл мерекені әрбір азаматтың өмірі үшін отбасылық бақыттың маңыздылығын белгілеу үшін енгізді.

Отбасымыз бізге өмірде бастама беріп, кез-келген жағдайда қолдау мен қорғауды көрсетуге дайын, отбасы ішінде біз жақындарымызға қамқорлық жасауға деген ұмтылысты жүзеге асырамыз. Жылы сезімдер мен тілектер туыстардың бәріне ортақ,  отбасылық шеңбер — бұл жеке тұлғаны, ерекше тұлғаны қалыптастыратын орта.

Осы тамаша күнге орай балаларға қызмет көрсету бөлімінде «Кітаппен отбасымызбен доспыз!» атты әдеби мереке өтті. Іс-шараға оқырман балалар  ата-аналарымен бірге қатысты. Мерекені өткізудің басты мақсаты – отбасылық оқу – ең қызықты іс, ал отбасы-адам өміріндегі ең маңызды нәрсе екенін көрсету. Сонымен қатар, балалардың болашағы да отбасының беріктігімен тығыз байланысты болатындығын көрсету. Іс-шара барысында блиц-сауалнама өткізілді, онда ата-аналар «Сіздің отбасыңыз қандай кітаптарды оқығанды ұнатады?», «Сіздің отбасылық хоббиіңіз қандай?» деген сұрақтарға жауап берді. Сауалнама әр отбасының өз қызығушылықтары бар екендігін көрсетті, мысалы, Гончаровтар отбасы спортпен шұғылданады, ал Исеновтер отбасы поэзияны жақсы көреді. Балаларға мынадай сұрақтар ұсынылды: «Кітаптарды қалай қолдану керек?», «Кітап жыртылса не істеу керек?» және басқалар.

Одан әрі қонақтар мынадай әдеби ойындарға қатысты: «Мақалды құрастыр», «Кейіпкерді ата». Ата-аналар мен балаларды «Кітаппен   отбасымызбен  доспыз!» - «С книгой дружим всей семьей!» тақырыбындағы әдебиетке шолу қызықтырды, оның барысында кітапханашы отбасылық оқуға арналған кітаптар туралы айтып берді.

Мереке соңында кітапхана қызметкерлері қонақтарға денсаулық, қызықты кітаптар оқуды, оқуда және жұмыста табыс, барлық отбасыларға бейбітшілік пен береке тіледі. Кітапханаға келушілер барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, «Ashyq» қосымшасы арқылы өтті.