10 қыркүйек күні Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының коворкинг-орталығында Отбасы күніне арналған «Мен мейірімді «Отбасы» деп аталатын әдемі планетада тұрамын» атты оқырмандар жанұясының бенефисі өтті.

Кітапханада үлкен және кіші буын жиналғанда, осындай маңызды мерекелер жиі өтеді. Іс-шараға қоғам белсендісі, шығармашыл Жанысбаевтар отбасы шақырылды. Отбасының барлық мүшелері кітап оқудың, кітапхананың жанкүйерлері. Отағасы - Сүйіндік Жұмабайұлы, жазушы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, «Алтын Сұңқар» сыйлығының иегері. Кітапханамыздың тұрақты оқырманы, әртүрлі кітапханалық іс-шараларға белсенді түрде қатысады. Сүйіндік Жұмабайұлының жолдасы - Нұрғайын Әлпекқызы, отағасының айтуынша, отбасының ұйытқысы. Ерлі-зайыптылар Қарағанды облыстық телерадио компаниясында ұзақ уақыт жұмыс істеді. Қазір олар лайықты еңбек демалысынды.

     Кездесу барысында Сүйіндік Жұмабайұлы өзінің оқырман отбасы, оның дәстүрлері мен қызығушылықтарын, кітап оқудың отбасы өміріндегі рөлі, олардың оқуға қалай келгені туралы айтып берді. Отағасы шараға жиналушыларды өз шығармашылығымен таныстырды. Солардың бірі - «Өкініш» әңгімелер жинағы. Кітап Қарағанды милициясына арналған, онда тәртіп сақшыларының қиын қызметі туралы айтылады. Шығарма детективтік жанрда жазылған, динамикалық жарқын тілімен ерекшеленеді, үлкендерге де, жас ұрпаққа да қызықты болады. Содан кейін Сүйіндік Жанысбаевтың туған өлке туралы белгілі кітаптары ұсынылды: «Сарыарқаның самалы», «Азаматым - ардағым», «Ақ бақайдың қабы», «Алтайские сказки», «На страже порядка». Кітаптар өлкетанушыларға, зерттеушілерге, сондай-ақ көпшілік оқырманға арналған және оқырмандар арасында жоғары сұранысқа ие.

  Өз кезегінде Нұрғайын Әлпекқызы аудиторияға отбасындағы рухани құндылықтар туралы айтып, отбасы өміріндегі қызықты оқиғалардан сыр шертті.

Немерелері - ата-анасын, ата мен әжесін жақсы көретіндері, олардың денсаулығын уайымдап, ойлап жүргендері туралы әңгімелеп берді. Немерелері атасы мен әжесінің кеңесі бойынша үй кітапханасынан кітап оқи бастағанын атап өтті. Кішкентай қонақтар "Әже туралы", "Ата туралы" өлеңдерін жатқа оқыды.

Іс-шара соңында Жанысбаевтар отбасы кітапхана ұжымына амандық, өркендеуді және жаңа оқырмандар көп болуын тіледі.

Іс-шараға қатысушылар естелік сыйлықтармен (кітаптар мен кеңсе керек-жарақтарымен) марапатталды. Бірақ ең басты жүлде жақсы көңіл-күй, жағымды эмоциялар, балалар мен ересектер арасындағы қызықты қарым-қатынас болды.