«Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін...» атты ХV Абай оқулары облыстық онлайн-байқауының өткені туралы ақпарат

 

2021 жылдың 15 маусымынан 15 қыркүйегі аралығында Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін...» атты ХV Абай оқулары облыстық онлайн-байқауын өткізді. Байқау Қарағанды облысының жастары арасында  ұйымдастырылды. Байқаудың шарты бойынша 16-25 жас аралығындағы дарынды жастар қатысты. Байқау 2 номинация бойынша өткізілді: Қатысушылар байқау аясында: ұлы ақын Абайға 1 арнауды немесе Абай Құнанбаев, оның өмірі, шығармашылығы туралы креативті бейнеролик жасауы қажет.

Жалпы өтінім бойынша 62 жұмыс қабылданды. Оның ішінде «Арнау» номинациясы бойынша – 39, «Бейнеролик» номинациясы бойынша – 23 жұмыс түсті.

Қабылданған жұмыстардың ішінде  1-і орыс тілінде (Саран қ.), қалғаны мемлекеттік тілде орындалған. Аймақ бойынша: Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Жезқазған, Саран, Қаражал, Абай қалаларынан, сонымен бірге, Қарқаралы, Ақтоғай, Шет, Жаңаарқа, Бұқар-жырау, Нұра, Ұлытау аудандарының да оқырмандары белсене қатысты.

Осы байқауға түскен жұмыстарды бағалауға арнайы әділқазылар алқасы құрылды. Құрамы 5 адам:

  1. Батырханова Сагат Сыдыковна - «Қазақстанның Құрметті журналисті», ақпарат саласының үздігі;
  2. Жарылгапов Жансая Жангазиевич - Е. Бөкетов атындағы Қарағанды Университетінің профессоры, ф.ғ.д.;
  3. Мүбарак Бағдат Мүбаракұлы - Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын;
  4. Мұхаев Ілияс Дүңгенбайұлы - «Орталық Қазақстан» облыстық  газеті бас редакторының орынбасары, ақын;
  5. Жұмамұратов Ахай Садуақасұлы - «С. Сейфуллин атындағы академиялық қазақ драма театрының» әртісі.

Әділқазылар алқасының қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, арнайы дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.

 

«Арнау»  номинациясы бойынша:

 

  • Бас жүлде иегері - Асқар Мағжан, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 1 курс студенті;
  • I-дәрежелі диплом - Мұхамеджан Несібелі, Қарағанды қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9 сынып оқушысы;
  •  II- дәрежелі диплом - Сартай Аяла, Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Шеңбер ауылының «№2 ЖББМ» КММ 10 сынып оқушысы;
  •   III-дәрежелі диплом Зекен Әмина, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы «К. Байсейітова атындағы тірек мектебі» КММ 8 сынып оқушысы марапатталды.

 

     «Бейнеролик» номинациясы бойынша:

 

  • Бас жүлде иегері - Қанапиянова Айым, Саран қаласының «Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ педагог-ұйымдастырушысы;
  • I-дәрежелі диплом - Медет Назира,  Бұқар-жырау ауданы «Ростовка тірек мектебінің (ресурстық орталық)» КММ 11 сынып оқушысы;
  • II- дәрежелі диплом - Жақсылық Мәди,  Қарағанды қаласы «М.Жұмабаев атындағы №39 гимназияның» 11 сынып оқушысы;
  • III-дәрежелі диплом - Ертуғанова Перизат, Қарағанды облысы, «Теміртау көпсалалы «Мирас» колледжі» ЖММ 4 курс студенті марапатталды.

       Шара барысында «Арқа сазы» фольклорлық ансамблінің орындауында Сүгірдің «Ыңғайтөк» күйі және Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің әншісі Құрмаш Ыбышевтың орындауында Абайдың әндері  «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы» және   Абайдың «Желдірме» күйін Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ селосы, «Тәттімбет» оркестрінің жетекшісі Арғын Имекеев  орындады.

   Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері instagram тікелей эфирі арқылы  ұлы ақын Абай  ескерткіші алдына гүл шоғын қойды.  Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Қайрат Асқар ақынға арнаған өлең жолдарын оқыды.