«Мен оқыған кітаптар»

букчелленджін өткізу туралы

ЕРЕЖЕ

 

Негіздеме:

«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында таңдалған «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» ұраныментанымал қазақстандық авторлардың поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аударма саласындағы үздік  шығармалар.

 

1. Жалпы ережелер

1.1.            Осы Ереже «Мен оқыған кітаптар» букчелленджінің мақсатын, міндеттерін, өткізілу тәртібін анықтайды. Букчеллендж 2021 жылдың 20 сәуірінен 30 қарашаға дейін өткізіледі.

1.2.            Букчеллендж ұйымдастырушысы Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы.

1.3.            Қатысушы (кітаптар тізімін кітапхананың uniorlib.kz сайтынан таба аласыздар) оқыған кітабына (бірнеше кітапқа) бейнеролик (бейнежазба) жасайды және This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық мекен-жайына жібереді.

 

 

2. Мақсаттары мен міндеттері:

2.1. Мақсаты:

  •  кітапты жастар арасында насихаттау;
  • жастарды көркем әдебиетті оқуға тарту.

2.2. Міндеті:

  • оқырмандардың көркем әдебиетті оқуға қызығушылығын ояту;
  • әдеби ой-өрісін дамыту;
  • жастардың шығармашылық мүмкіндіктерін ашу.

 

3. Букчелленджге қатысу тәртібі

3.1. Букчелленджге кітапқұмар оқырмандар қатыса алады.

3.2 Букчелленджге жеке немесе ұжыммен қатысуға болады.

3.3. Шығармашылық жұмысқа қойылатын шарттар мен талаптар:

  • бейне: МР4  360-720 megapixel
  • бейнежазба 3-5 минуттан аспауы керек.

3.4. Букчелленджге қатысуға ниет білдіргендер электронды поштаға «Букчеллендж» белгісімен, өзі туралы қысқаша ақпарат пен бейнематериалды (аты-жөні, жасы, қаласы, оқу орны) жібереді;

 

4. Өткізу мерзімі

4.1. 2021 жылдың 20 сәуірінен 30 қарашасына дейін.

 

5. Қорытындылау

5.1. Букчеллендж қорытындысы бойынша іс-шараның белсенді қатысушылары алғыс хаттармен марапатталады.

5.2. Барлық материалдар кітапхананың сайтында және әлеуметтік желілерінде жарияланады.

Байланыс телефондары: 8(708)5283813, 8(701)4814314 e-mail: www.uniorlib.kz.