Кітапханаға біздің жаңа серіктесіміз, суретші, дизайнер, Қарағанды облысы бойынша зерттеуші, әрі «Пока не исчезло в Караганде» жалғасып жатқан зерттеу жобасының авторы Юлия Александровна Ляндаевадан «1930-1950 жылдардағы Қарағанды сәулетіндегі қазақ ою-өрнегі» кітап-альбомының екі данасын сыйға тартты.
Балаларға қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері «Шебердің қолы өнерлі» үйірмесінің жұмысы аясында «Карамелька» дамыту орталығының балаларына арналған «Аққала» атты мастер-класс өткізді.
15 қаңтар күні қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, журналист, драматург қазақ ғылыми фантастикасының негізін қалаушылардың бірі Медеу Сәрсекенің 90 жылдығына арналған «Өндіріс пен жазушылықты қатар алып жүрген Медеу Сәрсеке» атты әдеби-ақпараттық сағат өткізілді.
Кешегі күні, яғни қаңтардың 13-і жұлдызында Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Еліне еркін, еркелеп өскен, мен де бір аңғал тентек емес пе ем...» атты ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қайрат Асқарды еске алу шарасы өтті. Өйткені осы күн ақкөңіл, абзал жанның өмірге келген күні болатын.
Әлемге әйгілі америкалық жазушы Джек Лондонның туғанына 150 жыл толуына орай кітапханада «Бақытқа жету үшін күрес қажет пе?» тақырыбында әлемдік әдебиет әуесқойларының «Famous Books» клубының отырысы өтті.
Кітапханамыздың ақпараттық-библиография бөлімінің басшысы Лебедов Олег Владимировичтің «Кітапханатану. Библиография. Кітаптану» ғылыми мақалалар жинағының 33-санында «Компетентностный подход в работе юношеской библиотеки» атты мақаласы жарияланды.
Балаларға қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері «Шебердің қолы өнерлі» үйірмесінің жұмысы аясында «Карамелька» дамыту орталығының балаларына арналған «Ақ ұлпа» атты мастер-класс өткізді.
17.12.2025ж, Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Шет ауданы орталығы Ақсу-аюлы елдімекенінің тумасы, «БОТА» интеллектуалды жастар орталығының мүшесі, «Мағжан Жұмабаев атындағы гимназиясы» КММ оқытушысы Бекзат Жапатайұлы Алтынбектің тырнақалды «Көкжиек» кітабының таныстырылымы өтті.
15.12.2025ж, Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік - тұғырым» атты кездесу іс-шарасы өтті.
Жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – ең қымбат қазынамыз» атты тарихи-музыкалық кеш өтті.
