1. Жалпы ережелер

 

  1. Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының мемлекеттік мекемесінің «Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мемлекеттік мекеме) ақпараттық, мәдени және білім беру қызметтерін жүзеге асыру үшін мекеме ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес мекеме болып табылады.
  2. Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.
  3. Мемлекеттік мекеме Қарағанды облысы әкімдігінің 2013 жылғы    23 қыркүйектегі № 57/04   «Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің қарамағына жататын мемлекеттік ұйымдардың атауын өзгерту туралы» қаулысымен құрылды.
    1. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Қарағанды облысының әкімдігі болып табылады.
    2. Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ оған байланысты мемлекеттік мекеменің мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган «Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ болып табылады.
    3. Мемлекеттік мекеменің толық атауы: Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
    4. Мемлекеттік мекеменің тұрған жері: 100009, ҚР, Қарағанды қаласы,  Ержанов көшесі, 8-а.

 

2. Мемлекеттік мекеменің заңдық мәртебесі

 

  1. Мемлекеттік мекеме ол мемлекеттік тіркелген кезден бастап құрылды деп есептеліп, заңды тұлғаның құқықтарына ие болады.
  2. Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы жазылған мөрі болады.
  3. 10.  Мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
  4. 11.  Мемлекеттік мекеме өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнің кепілдігіндегі ақшамен жауап бередi. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қарағанды облысының әкімдігі бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.
  5. 12.  Мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде тіркелгеннен кейін, күшіне енеді.

 

 

3. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары

 

  1. 13.  Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні оқырмандарға кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетуді жүзеге асыру болып табылады.
  2. 14.  Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты  оқырмандарға кітапханалық, ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, кітапхана қызметкерлерінің біліктіліктерін көтеру, Қарағанды облысының жасөспірімдерімен жұмыс істейтін кітапханалары дамуын әдістемелік қамтамасыз ету.
  3. 15.  Мемлекеттік мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

-         оқырмандардың жас ерекшеліктері мен талаптарын ескере отырып, дәстүрлі және электронды түрдегі басылымдардың кұжаттар қорын жинақтап құрастырады;

-         түскен басылымдардың барлық түрлерін өңдеп, жүйелейді,

каталогтар мен   картотекалар жүйесі арқылы олардың мазмұнын толық түрде көрсетеді;

-         құжаттар қорының есепке алу және сақтау, пайдаланылуды бақылау арқылы сақтауын қамтамасыз етеді, санитарлық-гигиеналық шараларды жүзеге асырады;

-         осы Жарғыға және Мемлекеттік мекемені пайдалану ережелеріне сәйкес 6 мен 24 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерге, сондай-ақ, қызметтері жастарды тәрбиелеумен, білім берумен, ағартумен, олардың бос уақыттарын ұйымдастырумен байланысты оқырмандардың басқа санаттарына және кітапхана аймағы тұрғындарына қызмет көрсетеді;

-         кітапхана ішінде және кітапханадан тыс баспасөз шығармалары мен басқа материалдар қорын оқырмандардың пайдалануына береді;

-         ерекше бағалы және сирек кездесетін басылымдарға оқырмандардың қол жеткізудің тәртібін анықтайды;

-         оқырмандармен жеке және көпшілік жұмыс барысында кітапты насихаттаудың тиімді түрлері мен әдістерін қолданады;

-         жастар ұйымдары, шығармашылық одақтар, оқу орындарын тартып, қызығушылықтары бойынша оқырмандар бірлестіктерін құрайды;

-         басқа да мәдениет мекемелері, шығармашылық одақтар, оқу орындары, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, БАҚ, теледидар, жергілікті өкімет органдары және тағы басқалармен бірлесе отырып мәдени-ағарту бағдармаларын іске асыруды және жастардың бос уақыттарын ұйымдастыруды жүзеге асырады;

-         жасөспірімдерді тәрбиелеу, оларға білім беру және мәдени қызмет көрсетумен шұғылданатын қоғамдық комиссиялар мен кеңестердің жұмысына қатысады;

-         жасөспірімдерге қызмет көрсететін барлық жүйедегі және барлық мекемедегі облыс кітапханаларына әдістемелік қызмет көрсетеді;

-         Республикадағы, облыстағы кітапхана ісі дамуының, кітапханалар - әдістемелік орталықтардың үйлестіруші құрама жоспарларын, ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік және библиографиялық жұмыстарының басты бағыттарын әзірлеу және жүзеге асыруға ат  салысады;

-         өзі ұйымдастырып, сонымен қатар, әр түрлі және әр нысандағы кітапханалармен, тиісті жергілікті атқарушы органдармен, қоғамдық ұйымдармен, оқу орындарымен бірлесе отырып, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинарлар, кеңестер, кітапхана жұмыскерлеріне арналған іскерлік ойындар мен практикумдарды өткізеді;

-         облыс кітапханаларының үйлестіру кеңесінің жұмысына қатысады;

-         кітапхана  қызметінің бағыттарымен байланысты әртүрлі халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық конференцияларға, семинарлар, іскерлік ойындар, дөңгелек үстелдер, байқаулар, акциялар және басқа да іс-шараларға қатысады;

-         әртүрлі ақпарат құралдары арқылы баспа қызметін жүзеге асырады;

-         облыс кітапханаларына шығып тұрады. Кітапханалардың жасөспірімдермен жасаған жұмыстарын жақсарту жөніндегі ұсыныстарын «Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ қарауына ұсынады;

-         Қарағанды облысының жасөспірімдерімен жасаған кітапханалық жұмыстың озық тәжірибелерін анықтап, зерттеп, жинақтап, оны насихаттауды ұйымдастырып, облыс кітапханаларының жұмыс іс-тәжірибесіне енгізеді. Жасөспірімдерге кітапханалық қызмет көрсету мәселелері бойынша озат тәжірибелі мектептер ұйымдастырады;

-         оқырмандарға кітапханалық-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсету мәселелері бойынша зерттеу жасайды және тиісті облыстық, республикалық, халықаралық зерттеулерге қатысады. Зерттеу жұмыстарының нәтижелерін облыс кітапханалары жұмысының іс-тәжірибесіне енгізеді;

-         шетелдермен кітапханалық және мәдени-бос уақытты өткізу мәселелері бойынша қарым-қатынастың кеңеюіне  байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.

Мемлекеттік мекемеге жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.

  1. 16.  Мемлекеттік мекеме қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле, Қазақстан Республикасының шектеулі заңдарында немесе құрылтай құжаттарында не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасалған мәміле «Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ немесе Қарағанды облысы әкімдігінің не прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
  2. 17.  Мемлекеттік мекеме басшысының мемлекеттік мекемемен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі.

 

  1. 4.     Мемлекеттік мекемені басқару

 

  1. 18.  Қарағанды облысының әкімдігі:

1)    Коммуналдық мемлекеттік мекеменің қайта құрылуы немесе    жойылуы туралы шешім қабылдайды.

"Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы"  ММ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен келесі қызметтерді жүзеге асырады: 

1)                                  мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітіп береді;

2)    мемлекеттік мекеме жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

3)    мемлекеттік мекемелердің филиалдар мен өкілдіктер құруына келісімін береді;

«Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ:

1)    мемлекеттік мекеменің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;

2)    мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

3)    мемлекеттік мекеменің басқару органдарының құрылымын, құрылуы тәртібі мен өкілеттік мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;

4)    мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздерін айқындайды;

5)    мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;

6)    мемлекеттік мекеме басшысының ұсынымы бойынша оның орынбасарын (орынбасарларын) лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;

7)    жылдық қаржы есептілікті бекітеді;

8)    Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

  1. 19.  Мемлекеттік мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасының тәртібінің белгілеуі бойынша, қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады. 
    1. 20.  Мемлекеттік мекеменің басшысы мемлекеттік мекеме жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, «Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ тікелей бағынады (Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда) және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.

Мемлекеттік мекеменің басшысы мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті ұйымдастыруға дербес жауапты болады.

  1. 21.  Мемлекеттік мекеменің басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және мемлекеттік мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және мемлекеттік мекеменің жарғысында айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
  2. 22.  Мемлекеттік мекемеменің қызметті жүзеге асыруы барысында мемлекеттік мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

-      мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

-  мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда мемлекеттік   мекеменің мүддесін білдіреді;

-       шарттар жасасады;

-       сенімхаттар береді;

- мемлекеттік мекеменің іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың басқа да түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

-       банк шоттарын ашады;

-      барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

- «Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ  тағайындайтын қызметкерлерден басқа, мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

- мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазалайды;

-  өз орынбасарының (орынбасарларының) және мемлекеттік мекеменің басқа да басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік аясын айқындайды;

-   оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы жарғымен  және «Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

 

  1. 5.     Мемлекеттік мекеме мүлкінің құрылу тәртібі

 

23. Мемлекеттік мекеме мүлкін бағасы оның теңгерімінде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды. Мемлекеттік мекеменің мүлкі мыналардың:

1) оған меншік иесі берген мүлік;

2) өз қызметі барысында сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері есебінен құрылады.

  1. Мемлекеттік мекеме дербес иеліктен шығаруға немесе оған бекітілген мүлік пен оған смета құралдары бойынша бөлінген мүлікке өзгеше тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.

25. Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен мемлекеттік мекемеге кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда білім беру, сорт сынағы, ветеринария, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, мұндай қызметтен алынған ақша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті бюджеттің есебіне жатқызылады.

26. Мемлекеттік мекеменің қызметі облыстық бюджеттен қаржыландырады.

27. Мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.

28. Мемлекеттік мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және ревизия Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

6. Мемлекеттік мекеменің әкімшілігі мен еңбек ұжымы

 арасындағы өзара әрекеттер

 

29. Мемлекеттік мекеменің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара әрекеттер Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес жүзеге асырылады.

30. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

 

 

 

 

7. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

 

31. Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына өзгертістер мен толықтырулар енгізу «Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы» ММ шешімімен «Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ ұсынысы бойынша жүзеге асырылады.

32. Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.

 

8. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары

 

33. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

Қарағанды облысының

мәдениет, мұрағаттар және

құжаттама басқармасының

«Ж. Бектұров атындағы

Қарағанды облыстық

жасөспірімдер кітапханасы» КММ

басшысы                                                         ___________ Г.А. Бекбалакова

                                                                             (Қолы)

 

"Қарағанды облысысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы" ММ

  1. Общие положения

 

  1. Коммунальное государственное учреждение «Карагандинская областная юношеская библиотека имени Ж. Бектурова» управления культуры, архивов и документации Карагандинской области (далее – государственное учреждение) является некоммерческой организацией, обладающей статусом юридического лица, созданной в организационно-правовой форме учреждения для осуществления информационных, культурных и образовательных функций.
    1. Вид государственного учреждения: коммунальное.
    2. Государственное учреждение создано в соответствии с постановлением акимата Карагандинской области от 23 сентября 2013 года                    № 57/04 «О переименовании государственных организаций, находящихся в ведении государственного учреждения управления культуры, архивов и документации Карагандинской области».
    3. Учредителем государственного учреждения является акимат Карагандинской области.
    4. Уполномоченным органом соответствующей отрасли, а также органом, осуществляющим по отношению к нему функции субъекта права в отношении имущества государственного учреждения,  является                                ГУ «Управление культуры, архивов и документации Карагандинской области».
    5. Полное наименование государственного учреждения:  Коммунальное государственное учреждение «Карагандинская областная юношеская библиотека имени Ж. Бектурова» управления культуры, архивов и документации Карагандинской области.
    6. Местонахождение государственного учреждения: 100009, Республика Казахстан, г. Караганда, ул. Ержанова, 8-а.

 

  1. 2.     Юридический статус государственного учреждения

 

  1. Государственное учреждение считается созданным и приобретает права юридического лица с момента его государственной регистрации.
  2. Государственное учреждение имеет самостоятельный баланс, расчетные, валютные и иные счета в банках в соответствии с законодательством Республики Казахстан, бланки и печати с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и наименованием библиотеки, штампы со своим наименованием Библиотеки.
  3. Государственное учреждение не может создавать, а также выступать учредителем (участником) другого юридического лица.
  4. Государственное учреждение отвечает по своим обязательствам находящимися в его распоряжении деньгами.

При недостаточности у государственного учреждения денежных средств субсидиарную ответственность по его обязательствам несет акимат Карагандинской области средствами соответствующего бюджета.

  1. Гражданско-правовые сделки, заключаемые государственным учреждением, вступают в силу после их обязательной регистрации в территориальных подразделениях казначейства Министерства финансов Республики Казахстан.

 

  1. 3.     Предмет и цели деятельности государственного учреждения

 

  1. Предметом деятельности государственного учреждения является библиотечно-информационное обслуживание пользователей.
  2. Целью деятельности государственного учреждения является организация библиотечного, информационно-библиографического обслуживания пользователей, повышение квалификации библиотечных кадров, методическое обеспечение развития библиотек Карагандинской области, работающих с юношеством.
    1.  Для достижения указанной цели государственное учреждение осуществляет следующие виды деятельности:

- комплектует фонд документов, включающий различные виды изданий на традиционных и электронных носителях, с учетом возрастного, социального состава читателей и их запросов;

- обрабатывает и систематизирует все виды поступивших изданий, раскрывает их содержание с помощью системы каталогов и картотек;

- обеспечивает сохранность фонда документов путем правильного его учета и хранения, систематического контроля, за его использованием, осуществляет санитарно-гигиенические мероприятия;

- организует библиотечное обслуживание детей и юношества в возрасте от 6 до 24 лет и других категорий читателей, деятельность которых связана с воспитанием, образованием, просвещением и организацией досуга молодежи, а также населения прилегающего района в соответствии с настоящим Уставом и Правилами пользования государственным учреждением;

- предоставляет для пользования читателей фонд произведений печати и других материалов, как стационарно, так и внестационарно;

- определяет порядок доступа пользователей к особо ценным и редким изданиям;

- использует эффективные формы и методы пропаганды книги в индивидуальной и массовой работе с читателями;

- создает читательские объединения по интересам, привлекая к этой работе молодежные организации, творческие союзы, учебные заведения;

- взаимодействует с другими учреждениями культуры, творческими союзами, учебными заведениями, государственными и общественными организациями, СМИ, телевидением, органами местной власти и т.д., по реализации культурно-просветительских программ, организации досуга молодежи;

- участвует в деятельности общественных комиссий и советов, связанных с воспитанием, образованием и культурным обслуживанием юношества;

- оказывает методическую помощь библиотекам области, обслуживающим юношество, всех систем и ведомств;

- участвует в разработке и реализации основных направлений развития библиотечного дела в республике, области, сводных координационных планов научно-исследовательской, научно-методической и библиографической работы библиотек - методических центров;

- проводит самостоятельно, а также с библиотеками различных типов и видов, соответствующими местными исполнительными органами, общественными организациями, учебными заведениями научно-практические конференции, семинары, совещания, тренинги, практикумы библиотечных работников и другие мероприятия;

- участвует в работе Координационного Совета библиотек области;

- участвует в различных международных, республиканских, областных, городских  конференциях,  семинарах, тренингах, круглых столах, конкурсах, акциях и других мероприятиях связанных с направлениями деятельности библиотеки;

- осуществляет издательскую деятельность на различных носителях;

- осуществляет выезды в библиотеки области. Представляет на рассмотрение ГУ «Управление культуры, архивов и документации Карагандинской области» предложения по улучшению работы библиотек с юношеством;

- выявляет, изучает и обобщает передовой опыт библиотечной работы с юношеством в Карагандинской области, организует его пропаганду и внедрение в практику работы библиотек области. Организует школы передового опыта по проблемам библиотечного обслуживания юношества;

- проводит самостоятельно либо участвует в областных, республиканских, международных исследованиях по вопросам библиотечно-библиографического и информационного обслуживания читателей. Внедряет результаты исследований в практику работы библиотек области;

- в связи с расширением контактов по вопросам библиотечной и культурно-досуговой деятельности с зарубежными странами осуществляет международное сотрудничество в соответствии с действующим Законодательством РК.

Запрещается осуществление государственным учреждением деятельности, а также совершение сделок, не отвечающих предмету и целям ее деятельности, закрепленным в уставе.

  1. Сделка, совершенная государственным учреждением в противоречии с целями деятельности, определенно ограниченными законами Республики Казахстан или учредительными документами, либо с нарушением уставной компетенции руководителя, может быть признана недействительной по иску ГУ «Управление культуры, архивов и документации Карагандинской области» или акимата Карагандинской области, либо прокурора.
  2.  Действия руководителя государственного учреждения, направленные на осуществление государственным учреждением неуставной деятельности, являются нарушением трудовых обязанностей и влекут применение мер дисциплинарной и материальной ответственности.

 

  1. 4.     Управление государственным учреждением

 

  1. Акимат Карагандинской области:

1) принимает решение о реорганизации и ликвидации коммунального государственного учреждения.

ГУ «Управление государственных активов и закупок Карагандинской области» в установленном законодательством Республики Казахстан порядке осуществляет следующие функции:

1) Закрепляет за государственным учреждением  имущество;

2) утверждает устав (положение) государственного учреждения, внесение в него изменений и дополнений;

3) даёт согласие на создание государственными учреждениями филиалов и представительств;

ГУ «Управление культуры, архивов и документации Карагандинской области»:

1) утверждает индивидуальный план финансирования государственного учреждения;

2) осуществляет контроль, за сохранностью имущества государственного учреждения;

3) определяет структуру, порядок формирования и срок полномочий органов управления государственного учреждения, порядок принятия государственным учреждением решений;

4) определяет права, обязанности и ответственность руководителя государственного учреждения, основания освобождения его от занимаемой должности;

5) утверждает структуру и предельную штатную численность государственного учреждения;

6) по представлению руководителя государственного учреждения назначает на должность и освобождает от должности его заместителя (заместителей);

7) утверждает годовую финансовую отчётность;

8) осуществляет иные функции, установленные законодательством Республики Казахстан.

  1. Руководитель государственного учреждения назначается на должность и освобождается от должности в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.
  2. Руководитель государственного учреждения организует и руководит работой государственного учреждения, непосредственно подчиняется ГУ «Управление культуры, архивов и документации Карагандинской области», (за исключением случаев, установленных законодательством Республики Казахстан) и несёт персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение задач и осуществление им своих функций.  

         Руководитель государственного учреждения обязан принимать меры по противодействию коррупции, и несет за неисполнение или ненадлежащее исполнение этой обязанности установленную законом ответственность.

  1. Руководитель государственного учреждения действует на принципах единоначалия и самостоятельно решает вопросы деятельности государственного учреждения в соответствии с его компетенцией, определяемой законодательством Республики Казахстан и настоящим Уставом.
  2. При осуществлении деятельности государственным учреждением руководитель государственного учреждения в установленном законодательством Республики Казахстан порядке:

- без доверенности действует от имени государственного учреждения;

         - представляет интересы коммунального государственного учреждения в государственных органах, иных организациях;

- заключает договоры;

- выдаёт доверенности;

- утверждает порядок и планы государственного учреждения по командировкам, стажировкам, обучению сотрудников в казахстанских и зарубежных учебных центрах и иным видам повышения квалификации сотрудников;

- открывает банковские счета;

- издаёт приказы и даёт указания обязательные для всех работников;

- принимает на работу и увольняет с работы сотрудников государственного учреждения, кроме сотрудников, назначаемых                           ГУ «Управление культуры, архивов и документации Карагандинской области»;

- применяет меры поощрения и налагает дисциплинарные взыскания на сотрудников государственного учреждения, в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;

- определяет обязанности и круг полномочий своего заместителя (заместителей) и иных руководящих сотрудников коммунального государственного учреждения;

- осуществляет иные функции, возложенные на него законодательством Республики Казахстан, настоящим Уставом и  государственным учреждением «Управление культуры, архивов и документации Карагандинской области»

 

  1. 5.                 Порядок образования имущества государственного учреждения

 

  1. Имущество государственного учреждения составляют активы юридического лица, стоимость которых отражается на его балансе. Имущество коммунального государственного учреждения формируется за счёт:

                     1)                   имущества, переданного ему собственником;

                     2)                   имущества (включая денежные доходы), приобретённого в результате собственной деятельности;

                     3)                   иных источников, не запрещённых законодательством Республики Казахстан.

  1. Государственное учреждение не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закреплённым за ним имуществом и имуществом, приобретённым за счёт средств, выделенных ему по смете.
  2. Если законами Республики Казахстан государственному учреждению предоставлено, право осуществлять, приносящую доходы деятельность, то деньги, полученные от такой деятельности, подлежат зачислению в соответствующий бюджет, за исключением денег от реализации товаров (работ, услуг), производимых государственными учреждениями в сферах образования, сортоиспытания, ветеринарии,  лесного хозяйства, особо охраняемых природных территорий, а также государственными библиотеками, государственными музеями и музеями - заповедниками, в соответствии с законами Республики Казахстан.
  3. Деятельность государственного учреждения финансируется из областного бюджета.
  4. Государственное учреждение ведёт бухгалтерский учёт и             представляет отчётность в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
  5. Проверка и ревизия финансово-хозяйственной деятельности государственного учреждения осуществляется в установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

 

  1. 6.     Взаимоотношения между администрацией и трудовым коллективом государственного учреждения

 

  1. Взаимоотношения     между     администрацией   государственного учреждения и трудовым коллективом, определяется в соответствии с трудовым кодексом Республики Казахстан и коллективным договором.
  2.  Режим работы в государственном учреждении устанавливается правилами внутреннего трудового распорядка и не должен противоречить нормам трудового законодательства Республики Казахстан.

 

 

  1. 7.       Порядок внесения изменений и дополнений в учредительные документы

 

  1.  Внесение изменений и дополнений в учредительные документы государственного учреждения производится по решению ГУ «Управление государственных активов и закупок Карагандинской области»  по представлению ГУ «Управление культуры, архивов и документации Карагандинской области».
  2. Внесенные изменения и дополнения в учредительные документы государственного учреждения регистрируются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

 

  1. 8.       Условия реорганизации и ликвидации государственного учреждения

 

  1. Реорганизация и ликвидация государственного учреждения осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

 

Руководитель

КГУ «Карагандинская областная

юношеская библиотека

имени Ж. Бектурова»

управления культуры,

архивов и документации

Карагандинской области                                ___________ Г. А. Бекбалакова

                                                                             (Подпись)