Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының әртүрлі ақпарат тасымалдаушы құралдарында бірегей дыбыс жазу басылымдары бар: винил грампластинкалар, дискілер ,CD, DVD, аудио-, бейнекассеталар. Мультимедиа залында 3000 астам винил грампластинкалар бар (классикалық музыка, шетелдік, советтік, эстрадалық музыка, әдеби жазбалар, музыкалық композициялар). Залдыбыс шығаратын техникамен жабдықталған. Сондай-ақ, қазақ, орыс, советтік және шетелдік композиторларының шығармалары бар нота басылымдары ұсынылып отыр.