Жалғасып жатқан мультимедиялық әдістемелік-библиографиялық құралдар

 


Президент Жолдауы – кемел болашақ кепілі [Электрондық ресурс] : мультимедиялық әдістемелік-библиографиялық құрал : 1 шығарылым / Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы ; құраст. О.Н.Волкова; компьютерде беттеу П.Лаврович ; дизайн Н.Н.Сейсембекова. - Қарағанды, Ж.Бектұров атындағы ОЖК, 2019. - 1 электрон.опт.диск (CD-ROM). – 656 МБ.

2019 жылғы 02 қыркүйекте Мемлекет басшысы, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын жолдады.

Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 02 қыркүйектегі «Президент Жолдауы – кемел болашақ кепілі» Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау бойынша мультимедиялық әдістемелік-библиографиялық құралдың 1 шығарылымын ұсынады.

Осы мультимедиялық басылымда келесі материалдар ұсынылған: ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өмірбаяны; ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Қазақстан халқына Жолдауы; таныстырылымдар; мақалалар; бейнематериалдар; әдебиет пен интернет-ресурстар тізімі.

Президент Жолдауы – кемел болашақ кепілі [Электрондық ресурс] : мультимедиялық әдістемелік-библиографиялық құрал : 2 шығарылым / Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы ; құраст.: А.А.Айдың, О.Н.Волкова, З.К.Сатбекова; компьютерде беттеу П.Лаврович ; дизайн Н.Н.Сейсембекова. – Қарағанды : Ж.Бектұров атындағы ОЖК, 2020. – 1 электрон. опт. диск (CD-ROM).

Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының «Президент Жолдауы – кемел болашақ кепілі» мультимедиялық-библиографиялық құралының 2 шығарылымы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.–Ж.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына жолдауын насихаттауға арналған.

Оқу құралында «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауының мәтіндері, Жолдаудың мәтіні негізінде құжаттың негізгі ережелерін түсіндіретін бейнепрезентация, инфографика, осы тақырып бойынша әдебиеттер тізімі және интернет-ресурстар ұсынылған.

«Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын Қарағанды облысында іске асыру» бейнепрезентациясы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын көрсетеді.

Президент Жолдауы – кемел болашақ кепілі [Электрондық ресурс] : мультимедиялық әдістемелік-библиографиялық құрал : 3 шығарылым / Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы ; құраст.: М.Ажиханова, А.А.Айдың, О.Н.Волкова, З.К.Сатбекова; компьютерде беттеу П.Лаврович ; дизайн Н.Н.Сейсембекова. – Қарағанды : Ж. Бектұров атындағы ОЖК, 2021. – 1 электрон. опт. диск (CD-ROM).
 

Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының «Президент Жолдауы - кемел болашақ кепілі» атты мультимедиялық – библиографиялық құралдың 3 шығарылымы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттауға арналған.

Оқу құралында «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауының мәтіндері, Жолдаудың мәтіні негізінде құжаттың негізгі ережелерін түсіндіретін презентациялар, инфографика ұсынылған.

«ҚР Президенті Қ.-Ж. Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын Қарағанды облысында іске асыру» презентациясы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын көрсетеді.

Құралда Жолдауда қолданылатын ұғымдар мен терминдердің глоссарийі, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған викторина, дәуірдің көрнекті қайраткерлерінің қазақ халқының еркін тәуелсіз мемлекетке ұмтылуы туралы дәйексөздері, тақырып бойынша мақалалардың толық мәтіндерін, әдебиеттер тізімі мен интернет-ресурстарды қамтитын портативті электрондық кітапхана жарияланған.

Президент Жолдауы – кемел болашақ кепілі [Электрондық ресурс] : мультимедиялық әдістемелік-библиографиялық құрал : 4 шығарылым / Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы ; құраст.: М.С.Ажиханова, О.Н.Волкова, Р.Р.Казтаева, М.Х.Фахрутдинова; компьютерде беттеу П.Лаврович ; дизайн Н.Н.Сейсембекова. – Қарағанды : Ж. Бектұров атындағы ОЖК, 2022. – 1 электрон. опт. диск (CD-ROM).

 

Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының «Президент Жолдауы - кемел болашақ кепілі» атты мультимедиялық – библиографиялық құралдың 4 шығарылымы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттауға арналған.

Оқу құралы мемлекеттік және орыс тілдерінде Жолдаудың негізгі ережелерін халық арасында, еңбек және оқу ұжымдарында түсіндіріп насихаттайтын кітапхана қызметкерлеріне, ақпараттық-насихаттық топ мүшелеріне, лекторларға көмек ретінде дайындалған.

          Оқулықта ҚР Президенті Қ.-Ж.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауының мәтіндері, Жолдау мәтіні негізіндегі презентациялар, құжатта қолданылатын ұғымдар мен терминдердің глоссарийі, тақырып бойынша әдебиеттер мен интернет-ресурстардың тізімі берілген.

          Мемлекет басшысы ұсынған бағдарламаны тиімді іске асыру үшін конституциялық реформа жүргізу қажет болды. 2022 жылғы 5 маусымда Президенттің Жарлығы бойынша Қазақстанда республикалық референдум өткізілді. Презентациялық роликте референдумның міндеттері мен қорытындылары, Конституцияға енгізілетін түзетулер, жалпы дауыс беруге шығарылған мәселелер туралы баяндалады. Оқу құралында ҚР Конституциясына толықтырулар мен өзгерістер енгізу жөніндегі бүкілхалықтық референдумның нәтижелері жарияланғаннан кейін Қ.-Ж. Тоқаевтың ел азаматтарына бейне үндеуі орналастырылды.

Президент Жолдауы – кемел болашақ кепілі [Электрондық ресурс] : мультимедиялық әдістемелік-библиографиялық құрал : 5 шығарылым / Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы ; құраст. : М.С.Ажиханова, О.Н.Волкова ; компьютерде беттеу П.Лаврович ; мұқабаны безендірген Н.Н.Сейсембекова. – Қарағанды : Ж.Бектұров атындағы ОЖК, 2023. – 1 электрон.опт.диск (CD-ROM).

 

Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының «Президент Жолдауы - кемел болашақ кепілі» атты мультимедиялық – библиографиялық құралдың 5 шығарылымы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттауға арналған.

Оқулықта ҚР Президенті Қ.-Ж. Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауының мәтіндері, Жолдау мәтіні негізіндегі презентациялар, тақырып бойынша әдебиеттер мен интернет-ресурстардың тізімі берілген және т.б.