01 маусым күні Жайық Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Оқитын адам-табысты адам» тақырыбымен Ашық аспан астындағы оқу залы өткізді.

Кітапханаға келушілер мен қала тұрғындарының назарына Қазақстан Республикасының рәміздері күніне арналған «Рәміздер- еркіндік нышаны» әдебиет көрмесіне шолу  және «Кітаппен дос бол!», «Мифы и легенды со всего мира» әдебиет көрмесілер шолулар  жасалды. Поэзия алаңында жастар өздерінің өлеңдерін оқып, оқыған кітаптары туралы пікір алмасты. Іс-шараға қатысушылар қорға келіп түскен жаңа әдебиеттермен танысып, таза ауада өздеріне ұнаған шығармаларын оқыды.

Сирек кітаптар, қолжазбалар және мұражай жәдігерлері секторы «Сирек кітаптар» көрмесін дайындады, онда кітаптардың 12 данасы ұсынылған: бұл біздің кітапханаға есімі берілген жазушы Ж.Бектұровтың еңбектері және жазушы туралы кітаптар, сондай-ақ Ж. Бектұровқа авторлардың сыйға тартқан Қарағанды және Қазақстан жазушылары мен ақындарының қолдары қойылған басылымдар. Кітапханашылар қарағандылықтар мен қала қонақтарын жазушының мұражай-кабинетін көруге, кітапхананың залдарын аралауға шақырды.