ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР 2012

 


Ғажайып бейнелер [Электрондық ресурс] : мультимедиалық құрал / Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы ; құраст.: О.Н.Волкова, Р.Р.Қазтаева; техникалық редактор және дизайн Т.У.Жайменов. – Қарағанды: Ж. Бектұров атындағы ОЖК, 2012. – 1 электрон. опт. диск (CD-ROM).

 

Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан территориясындағы ескерткіштер мен монументтер, жаңа бой көтеріп жатқан зәулім ғимараттарды таныстыру мақсатында мультимедиалық басылым шығарды. Бұл мультимедиалық басылымға  әлемдегі, Қазақстан және Қарағанды облысының тарихи және мәдени ескерткіштері жайындағы презентациялар енгізілген.

Осы құнды мәліметтерді пайдалана отырып, әр кітапханашы кітапхана жұмысына түрлі көпшілік шара түрлерін ұйымдастырып өткізе алады.


Шындықпен шыңдалған жазушы [Электрондық ресурс]: Ж.К.Беқтұров туылғанына 100 жыл толуына арналған әдістемелік-мультимедиялық құрал / Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы ; құраст. Б. Қ. Мырзатаева, Г. М. Алдонғарова; ред. Н. Қ. Каленова; техникалық редактор және дизайн Т.У.Жайменов. – Қарағанды: Ж. Бектұров атындағы ОЖК, 2012. – 1 электрон. опт. диск (CD-ROM).

 

Жазушы, журналист, публицист, аудармашы Жайық Кәгенұлы Бектұровтың туғанына 100 жыл толуына орай «Шындықпен шыңдалған жазушы» атты мультимедиялық әдістемелік-библиографиялық құрал дайындалды.

Басылымға: Ж. Бектұровтың мақалалары, жазушы туралы жарияланымдар, фильм, бейнероликтер, виртуалды көрме, кабинет-мұражай бойынша бейнеэкскурсия, «Дәнекер» цифрлық мұрағатының электрондық кітапханасының материалдары, Ж. Бектұровтың өмірі мен қызметі туралы ұсынылатын әдебиет тізімі және т. б. енгізілген.