ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР 2014

 


«Сарыарқа сұңқары» [Электрондық ресурс] С.Сейфуллиннің туылғанына 120 жыл толуына арналған мультимедиялық құрал / Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы ; құраст.: А.С.Жамекова, Н.Қ.Каленова, К. А.Махметова ; компьютерде беттеу және дизайн М.А.Рахимжанова. – Қарағанды : Ж.Бектұров атындағы ОЖК, 2014. -  1 электрон.опт.диск (CD-ROM).

 

Қазақ ақыны, жазушы, дарынды драматург, педагог, мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 120 жыл толуына орай «Сарыарқа сұңқары» мультимедиялық әдістемелік құралы дайындалды.

Оқу құралына: Сәкен Сейфуллиннің өмірбаяны; жазушы туралы бейнероликтер; жазушы, журналист, баспагер Нұрмахан Оразбектің Сейфуллин туралы бейне-ойлары; Ж. Бектұров кабинет-мұражайының қорынан PDF-тегі толық мәтінді мақалалар және т. б. кірді.


Сырлы Сәкен, жырлы Сәкен [Мәтін] : Республикалық кітапханалық конференция материалдары (Қарағанды, 13-14 қараша 2015 ж.) / Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы; құраст.: О.Н.Волкова, К.А.Махметова ; ред. А.С.Жамекова, Н.Қ.Каленова ; техникалық редактор және дизайн, компьютерде беттеу М.А.Рахимжанова. – Қарағанды : Ж.Бектұров атындағы ОЖК, 2015. - 1 электрон.опт.диск (CD-ROM).

 

Қарағанды қаласында қазіргі қазақ әдебиетінің негізін салушы, қазақтың көрнекті жазушысы, ақын, қоғам және мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 120 жыл толуына орай 2014 жылдың 13-14 қарашасында «Сырлы Сәкен, жырлы Сәкен» атты Республикалық кітапханалық конференциясы өтті.

Конференция кітапхананың «Memory» мемлекетаралық жобасын жүзеге асыру аясында және жазушының атқарған қызметінің отандық тарих пен әдебиет үшін баға жетпес маңыздылығын ашып айту, Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығын жан-жақты насихаттау, оның шығармашылық мұрасын жас ұрпаққа дарыту, жаңғыртып жеткізу және жаңартпашылық тәжірибемен алмасу мақсатында ұйымдастырылды.

«Сырлы Сәкен, жырлы Сәкен» атты Республикалық кітапханалық конференциясының қорытындысы бойынша конференция материалдары жинағы типография арқылы 2014 жылы басылып шықты.

«Сырлы Сәкен, жырлы Сәкен» конференция материалдарының жинағына С.Сейфуллиннің өмірбаяны мен шығармашылық қызметі, театр сахнасында ақын бейнесін сомдау, ел кітапханаларында Сейфуллин мұрасын насихаттау беттеріне арналған құттықтау сөз мәтіндері мен қатысушылардың баяндамалары кірді.

Қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ зиялылары Ж.Сәдуақасов, Қ. Мұхаметханов, Ж. Қ. Бектұров туралы, олардың С. Сейфуллинмен жеке және шығармашылық байланысы туралы сөйлеген сөздері қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырады.