ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР 2018

 


Ер есімі – ел есінде [Электрондық ресурс] : Кеңес Одағының Батырлары М.Мамраевтың 100 жылдығына арналған мультимедиялық әдістемелік-библиографиялық құрал / Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы; құраст. О.Н. Волкова ; компьютерде беттеу М.Х.Фахрутдинова; дизайн Н.Н.Сейсембекова. – Қарағанды : Ж.Бектұров атындағы ОЖК, 2018. - 1 электрон.опт.диск (CD-ROM). – 199 МБ.

2018 жылы Кеңес Одағының Батыры, гвардия аға сержанты Мартбек Мамыраевтың 110 жылдығына орай «Туған жер» бағдарламасы аясында ақпараттық-библиографиялық бөлім «Ер есімі – ел есінде» атты мультимедиалық құрал шығарды.

Құралдың мақсаты - Ұлы Отан соғысында асқан ерлік көрсеткен батыр М.Мамыраевтың ерен еңбегін ұлықтай отырып, жас ұрпақтың бойындағы өлкесіне деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезімге баулу.

Мультимедиалық құралда - PDF форматта мақалалар, Интернет ресурстар, әдебиеттер тізімі, ақын Қ.Аманжоловтың батырға арнаған поэмасы, видео, фотосуреттер, батырдың өмірбаяны топтастырылған. Әдебиеттер мен интернет-ресурстар тізімінде мақаланың библиографиялық сипаттамасының алдында тұрған жұлдызша* белгісі бұл мақала pdf форматында да ұсынылғанын білдіреді.


Сарыарқа төрінде – Астана! [Электрондық ресурс] : әдістемелік-библиографиялық құрал / Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы ; құраст.: О.Н.Волкова, М.Х.Фахрутдинова ; компьютерде беттеу және дизайн Е. Мүскінов. – Қарағанды : Ж.Бектұров атындағы ОЖК, 2018. - 1 электрон.опт.диск (CD-ROM). – 51 МБ.

Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу «ЕЛ ЖУРЕГІ - АСТАНА»Тұжырымдамасы аясында  «Сарыарқа төрінде – Астана!» мультимедиялық әдістемелік - библиографиялық құралы жасалды.

Оқу құралына: Қарағанды облысының жас кітапханашылары арасында «Отанымды сүйемін» облыстық байқауы жеңімпаздарының виртуалды көрмелері, Астананың көрікті жерлері туралы презентация және «Астанаға сыйлық ретінде Қарағанды облысынан» презентациясы, сөзжұмбақ, Қазақстан астанасы туралы өлеңдер мен эсселер және т. б. енгізілген.