Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында "Dástúr"  клубының ашылу салтанаты өтті.

   Қазіргі уақытта жастарды тәрбиелеуде ұлттық құндылықтарды насихаттап жас ұрпақтың бойына сіңіруде қазақтың салт дәстүрінің алатын орны, тәрбиелік мәні ерекше. Біздің кітапханамыздың кітап қоры  осы бағыттағы әдебиеттерге өте бай. Осы әдебиеттерді оқырмандарға кеңінен насихаттауда, ұлттық құндылықтарды құрметтей білуге баулуда, заман өзгерсе де ұлттық салт-дәстүріміздің көнермейтіндігін бойына сіңіріп, ұлттық мұраны қайта жаңғырту мақсатында "Dástúr" клубы бірқатар жұмыстар атқармақ.

Атаулы іс-шараға  Қарағанды қаласында көпшілікті өнерлерімен тәнті етіп, қазақтың салт-дәстүрін насихаттап жүрген өнерлі, шығармашылық Шәріповтер отбасы қатысты.

 -Қали Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігінің Тәттімбет атындағы Академиялық Қазақ Халық аспаптар  оркестірінің әртісі,  Құрманғазы атындағы конкурстың лауреаты, қобызшы  Ержігіт Шәріпұлы.

-Қазақтың ою-өрнегін дәріптеп, ұлттық нақышта сән үлгілерін тігіп, насихаттап жүрген модельер – дизайнер  Ақмарал  ханым.

 Қазақ Өнер Университетінің студенті, күйші, домбырашы Шәріп Мағжан.

- Қарағанды облыстық мамандандырылған музыка мектеп-интернатының ұрмалы аспап мамандығының 10 сынып оқушысы Шәріп Бидәулет.

«Халық дәстүрі – асыл қазына»Іс-шара барысында Ақмарал ханымның қолынан шыққан дизайнерлік туындылары қойылып, кітапхана қорындағы әдебиеттерден «Халық дәстүрі – асыл қазына» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.