20. 03. 2018 ж.

«Бір ел - бір кітап» акциясы - 2018

«Өшпес рухты үш тұлға»

Елімізде 2007 жылдан бастап «Бір ел-бір кітап» акциясын өткізу дәстүрге айналды. Жылда әр жазушының шығармасын еліміз болып оқып келеміз. «Бір ел – бір кітап – 2018» республикалық акциясы бойынша биыл үш кітап таңдап алынды. Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары, Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» және Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітаптары таңдап алынды.

Мақсаты – жастарды патриоттыққа және адамгершілікке тәрбиелеуге, ана тілге мұқият қарауға, оқу мәдениетін қолдау, дамыту мен сауаттылық бағдарламасын арттыруға, рухани мұраны сақтауға және оқуға деген жәрдемдесу болып табылады.

Кітапхананың оқу залында оқырмандар назарларына акция аясында «Өшпес рухты үш тұлға» атты ашық  кітап көрмесі қойылды. Қаламыздың №88 мектеп оқушылары алдында халқымыздың үш даңқты ұлдары туралы әңгіме айтылып, шығармаларына шолу жасалды.

Алдағы уақытта  «Бір ел – бір кітап – 2018» акциясы аясында бірқатар шаралар өткізу жоспарланған.