23 сәуірде Ж.Бектұровтың мұражайында Шәкәрім Құдайбердіұлының 160- жылдығына арналған «Адамзаттың мәңгілік шамшырағы» тақырыбымен әңгіме өтті. Ақын, философ, ойшылдың бай мұрасы ұлттық қазақстандық мәдениет құрамына енді. Шығармаларда оның адам туралы, өмірдің мағынасы туралы, өз халқының тағдыры туралы философиялық көзқарастары мол.  

Кездесуге № 97 гимназияның және № 4 ЖББМ оқушылары қатысты. 

Оқушыларға Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығы туралы сирек кездесетін кітаптар, қолжазбалар және мұражай жәдігерлері бөлімшесінің басшысы Шпанова Ж.Р. баяндап берді. Мұражай қорында Жайық Кагенұлы Бектұровтың Шәкәрім туралы жинаған газет кесінділері папкасы сақталып жатыр.  Солардың ішінде Ж.Бектұровтың «Орталық Қарағанда» газетінде жарияланған мақалалары мен өлеңдері бар. Ғалым, ғылыми абайтанудың негізін қалаушы К.Мұхамедханов Ж.К.Бектұровпен бірге Шәкәрімнің есімін ақтауға барлық күштерін салды. 

Жанат Рымқұлқызы «Бір ел - бір кітап» Республикалық акциясының қазылар алқасының шешімімен жалпыға бірдей оқуға 2018 жылы Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары, Б.Момышулының - «Ұшқан ұя», Н.Келімбетовтің - «Үміт үзгім келмейді» атты шығармалары таңдап алынғандығы туралы айтты.  

Шәкәрімнен әдеби мол  мұра қалды. Ол жиырмадан астам әннің авторы. Ол өлеңдердің де, музыканың да авторы болып табылады. Оның «Шежіре» атты кітабы халық арасында кең таралды. Шәкәрімнің философиялық бағыттағы шығармаларының ішіне «Мұсылмандық», «Шежіре» (1911ж.) трактаттары, «Үш анық» атты қолжазбасы жатады.

Бөлімше қызметкері Хумарбек Е.А. оқушыларды мұражай қорында сақталатын кітаптармен таныстырды.

Сондай-ақ, Ж.Бектұровтың мұражайы бойынша экскурсия жүргізілді.