19 қазанда балалар жазушысы Николай Носовтың 110 жылдық мерейтойы аясында балаларға қызмет көрсету бөлімінде "Николай Носовтың әңгімелері бойынша саяхат"атты пікірталас-іс-шарасы өткізілді.

Кітапханашы балаларды жазушының өмірі мен шығармашылығымен таныстырды. Содан кейін, іс-шара барысында "Затейник" және "Фантазерлер" екі команда құрылды. Командалар Н. Носовтың әңгімелері бойынша ең үздік әдеби жауапқа сайысты. Ертегі кейіпкері Незнайка командалары арасында жарыс өткізді. Балаларға қызықты кейіпкер ұнады, оның бейнесінде кітапханашы Аширова Алтынай Рамазановна болды. Балалар 8 номинация бойынша сайысқа белсене қатысты. Командалар «Огурцы», «Живая шляпа», «Незнайка в Солнечном городе» әңгімелерін кезекпен талқылауды үлкен қызығушылықпен жүргізді. Екі команда да сайыста өздерін жақсы көрсетіп, осы іс-шараға қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Оқу залында балалар жазушысының әңгімелері бойынша «Веселая страна Николая Носова» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды, led экранда аттас виртуалды көрме көрсетілді. Балалар жазушысының әңгімелері күлкі тудыратындығын атап өту керек. Ал күлкі-бұл маңызды іс. Балаларды қиын жағдайға тап болған жолдастарына көмектесуге үйрету керек. Николай Носовтың шығармалары балаларды тапқырлық,сыншылдық, еңбекке құштарлық секілді қасиеттерге оятуға көп көмегін тигізеді.