2018 жылғы 24 қазанда Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының мәжіліс залында «Ел тарихы адамдар тағдырында - История страны в судьбах людей» кітабының таныстырылымы өтті.

Идеяның авторы және ұйымдастырушысы "Қайым Мұхамедханов атындағы Білім және мәдениет орталығы" Қоғамдық қоры (Алматы қ.) болып табылады, оның мақсаты мен міндеті - еске алу мәдениетін тәрбиелеу арқылы ағарту және қоғамның мәдениетін арттыру; патриоттық тәрбие беру және рухани-адамгершілік құндылықтарды жаңғырту.

Осы жылдың басында қоғамдық қор осы кітап үшін материалдарды жинау бойынша Республикалық акция жариялады. Кітап Қазақстан халқын құрайтын түрлі ұлт өкілдерінің тағдыры туралы әңгімелерге негізделген. Қуғын-сүргін және аштық, соғыс және өмірдегі көптеген қиындықтар - осы тақырыптардан тұратын аға буынның  жеке тарихы ел тарихын құрайды.

Бұл оқиғаларды балалар мен немерелер, оқушылар мен студенттер, кітапхана және мұражай қызметкерлері, педагогтар жазды.

Біздің кітапхана Қарағанды аймағы бойынша осы жобаның үйлестірушісі болды. Нәтижесінде бұл жинаққа Қарағанды облысынан 32 әңгіме кірді.

Біздің кітапхананың мәжіліс залында әңгімелердің авторлары мен кейіпкерлері, Қарағанды кітапханаларының өкілдері, жоғары оқу орындары мен колледж студенттері, кітапхана оқырмандары, аудандық кітапхана-үйлестірушілер өкілдері, «БОТА» ЖИО мүшелері жиналды.

Кітап таныстырылымына Алматы қаласынан «Қайым Мұхамедханов атындағы Білім және мәдениет орталығы» қоғамдық қорының директоры, профессор, PhD, білім беру саясаты және халықаралық білім беруді дамыту саласындағы халықаралық сарапшы Дина Мұхамедхан, сондай - ақ Қор қызметкері Бақытжан Молдабаев келді.

Таныстырылымға Н.В.Гоголь атындағы облыстық әмбебап кітапхананың, ҚарМУ кітапханасының өкілдері, ақындар, педагогтар, зиялы қауым, жастар, БАҚ өкілдері қатысты.

 Іс шара барысында залда Дина Мұхамедхан құрған ерекше атмосфера орнады, ол еліміздің тарихы мен естелігі әр отбасының тарихынан құралатынын және әрбір жеке алынған тарих баға жетпес екенін айтты.

 Бұл кітаптың мақсаты - ел мен халық үшін қиын жылдары өмір сүрген қарапайым адамдардың тағдырын көрсету.

Ұйымдастырушылар бұл идея адамдардың арасында осындай жаппай пікір табады деп күткен жоқ. Әңгіме қанша жолданғаны бойынша бұл кітаптың қажет болғаны түсінікті болды, бұл кітапты жасау идеясының өзектілігін көрсетті. Бұл жинақты «Халықтық кітап» деп атауға болады. Облыс орталығының  алыстығына қарамастан, барлық авторлар мен әңгімелердің кейіпкерлері осы күні кітапханаға келді. Бұл таныстырылым тамаша пікір мен резонанс алды. Адамдар Дина Мұхамедханға шын жүректен алғыстарын білдіріп, осы бағыттағы жұмысты жалғастыруды өтінді. Өйткені осы кітапта көрсетілген халық естелігі уақыттың шынайы куәгері болып табылады. 

Бұл жобаға қатысу жас жігіттер мен қыздарға аға ұрпақтың тағдырлары арқылы біздің елде болып жатқан тарихи оқиғаларға: аштық, репрессия, соғыс – осының барлығы ел тарихының бір бөлігі болып табылып,  туған адамдардың әңгімелері мен тағдырларына үңілуге мүмкіндік берді. Осылайша жастарға патриоттық тәрбие беріледі.

Іс-шара соңында Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы, Н.В.Гоголь атындағы облыстық әмбебап кітапханасы, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің кітапханасы,  Долинка кентінің саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайы Дина Мұхамедханнан қорды толықтыру үшін кітаптар алды.

Дина Мұхамедхан өзінің әкесі, көрнекті ғалым, педагог, ақын және қоғам қайраткері Қайым Мұхамедхановтың сөздерін ортаға салды: "Бақыт - бұл еркін болу, шындықты айту және ештеңеден  қорықпау. Тек осылай өмір сүру керек! Бұл адам үшін ең бастысы". Адал өмір сүріңіз, қарапайым болыңыз, адам болыңыздар".

Кітаптың тұсаукесері үлкен қоғамдық және ресми резонанс алды. Іс-шара әлеуметтік желілерде, облыстық және республикалық сайттарда жарияланды:

https://aqparat.info/news/2018/10/11/9013334-v_karagande_prezentuyut_knigu_o_sudbah_k.html

http://ekaraganda.kz/?mod=news_read&id=79203

https://bilimdinews.kz/?p=15922

https://ok.ru/karagandaonline/topic/68667942677279

Іс-шара SARYARQA, 5 канал-KZ,  «Первый Карагандинский» үш қарағандылық телеарнасында жарияланды:

https://www.youtube.com/watch?time_continue=875&v=PIGJsGe8cFE

http://kartv.kz/ru/news/society/istoriya-strany-v-sudbah-lyudei http://www.5tv.kz/index.php?newsid=13421