Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен 2021 жылы 3 наурызда сағат 15.00-де Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қарағанды облысының жастары арасында «ДАРАБОЗ» интеллектуалды танымдық ойынының I- іріктеу туры ZOOM платформасында онлайн форматта өтті.

Ойынның мақсаты мен міндеттері:

  1. Жас ұрпаққа адамгершілік және интеллектуалды тәрбие беру;
  2. Жеке тұлғаның рухани қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру және жастарды әдебиетті оқуға тарту;
  3. Жастардың шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін ашуға көмектесу;
  4. Қатысушыларды өздерінің интеллектуалды әлеуетін жұмылдыруға үйрету;
  5. Интеллектуалды қызметтің басымдылығын арттыру;
  6. Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамыту.

Ойынға қатысушы топтар:

  1. «С.Сейфуллин атындағы гимназия» атынан «NOMAD» тобы
  2. «Әлихан Бөкейхан атындағы гимназия» атынан «Алаш» тобы
  3. «Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты» атынан «Тәуелсіздік жұлдыздары» тобы.

Әділқазылар алқасы:

  1. Абдрахманова Камшат Жақсылыққызы - Қарағанды Медицина Университетінің «Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының» ассистент-профессоры;
  2. Әбдірбаева Шұға Мүсілімқызы – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, филолог, №6 ЖББМ тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары;
  3. Мырзатаева Бахыт Қазбекққызы – жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінің басшысы.

«ДАРАБОЗ» интеллектуалды танымдық ойыны 3 айналыммен өтті.

І айналым - «Competition» - қатысушылар өз топтарын таныстырды, атауы, эмблемасы, ұраны (қазақша, орысша, мүмкіндігі болса ағылшын тілінде) – 10 ұпаймен бағаланды.

ІІ айналым - «Ва-банк»: Экранда 3 тақырып бойынша кесте тұрады: Топтар теле-таблоны пайдалана отырып, әр тақырып бойынша 5 сұрақтан жауап берді: Ұяшықта көрсетілген ұпай бойынша баға берілді.

«Тәуелсіздік жолында» - 10, 20, 30, 40, 50

«Қазақ әдебиеті» - 10, 20, 30, 40, 50

«Айтулы даталар» - 10, 20, 30, 40, 50

ІІІ айналым - «Пікірталас» (үй тапсырмасы) - қоғамда болып жатқан тақырыптар бойынша топтардың ішінен бір мүшесі ауызша өз пікірін білдірді – 30 ұпаймен бағаланды.

Ойынның нәтижесін қорытындылау кезеңі барысында, көрермендерге «Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы» туралы бейнеролик көрсетілді.

Бірінші іріктеу ойынының жеңімпазы «С.Сейфуллин атындағы гимназия» атынан «NOMAD» тобы келесі 2021 жылдың желтоқсан айында болатын финал ойынға жолдама алды. «Әлихан Бөкейхан атындағы гимназия» атынан «Алаш» тобы, «Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты» атынан «Тәуелсіздік жұлдыздары» тобы алғыс хатпен марапатталды.

Қатысушылар саны 42 адам.