24 маусымда Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Ашық аспан астындағы оқу залы» промоакциясы шеңберінде "Оқитын қала" акциясын өткізді. Іс-шара "Қазақстанның оқырман ұрпағы-2021" балалар мен жасөспірімдер оқуын қолдау жалпыұлттық акциясы аясында өтті.
Акцияның мақсаты:
- оқу беделін, оның қоғамдық және мәдени маңыздылығын қалыптастыру;
- Қарағанды аумағында кітәп мәдениетінің үздік дәстүрлерін насихаттау;
- Қарағанды тұрғындарының, бірінші кезекте жастардың, әртүрлі жас және әлеуметтік санаттарының зияткерлік және мәдени деңгейін арттыру үшін жағдайлар жасау; ашық қалалық алаңдарға шығу;
- қала тұрғындарының, балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалыстағы бос уақытын қызықты ұйымдастыру;
- кітапхананың тартымды бейнесін жасау;
"Оқитын қала" акциясы кітапхана ауласында әсем безендірілген алаңда өтті: «Кітап – алтын қазына», «Жаңа кітаптар», Ж.Бектұров мұражай кабинетінен «Сирек кітаптар» топтамасы ұсынылды, «Табиғат байлығы біздің дастарханымызда», «Әлем тағамдары», «Дастархан басындағы этикет», «Декоративті-қоданбалы өнер» «Шаш өру» және т. б. тақырыптарда салалық әдебиеттер ұсынылып, шеберлік алаңдар ұйымдастырылды. Бүлдіршіндерден бастап ересек жасқа дейінгі әр түрлі ұрпақтың оқырмандық мүдделеріне сай келетін шолулар, ұсынымдық әңгімелер өткізілді. Ашық ауада ұйымдастырылған шағын оқу залында оқырмандар кітап қорына келіп түскен жаңа әдебиеттермен танысты. Оқырмандарға "Қазақ әдебиетін, тарихын жақсы білесіз бе?», «Қазақ эпосының кейіпкерлері»?, «Золотые страницы казахской литературы» деген тақырыпта викториналық сұрақтар қойылды. №66 мектеп лицейінің оқушысы Сайлаубек Гүлназ қол өнерден, кітапханашы Ахметова Г.Н. шаш өруден шеберлік сағатын өткізді. Евразиялық Ұлттық университетінің студенті Мырзабек Мадина дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың «Абай арманы» өлеңін оқыды. Акция мерекелік көңіл-күйге, кітап пен оқу рухына толы болды. Кітапхана қызметкерлері қала тұрғындарына Ж.Бектұров атындағы кітапхананың жарнама қағаздарын таратты.
#Бектуровка #акция #кітап#оқу #кітапхана#Қазақстандағыбалаларменжасөспірімдердіңкітапоқуынқолдаужылы#жасөспірімдеркітапханасы
https://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1203-24-mausym-2021#sigFreeId95aba28245