2021 жылдың 15 шілдесінде Ж. Бектұров атындағы ҚОЖК-да «Кітапта демалыс жоқ» акциясы басталды.

Іс – шара «Қазақстанның оқырман ұрпағы-2021» балалар мен жасөспірімдер оқуын қолдау жалпыұлттық акциясы аясында өтті.

 Акцияның мақсаты: балалар мен жастар ортасында кітап пен оқуды насихаттау, жазғы демалысты қызықты әрі танымды өткізуге мүмкіндік беру, шығармашылық әлеуетті дамыту, кітап пен оқудың беделін арттыру, кітапхананың тартымды имиджін құру.

«Кітапта демалыс жоқ» акциясына мектеп, колледж оқушылары және барлық тілек білдірушілер қатысты. Оқырмандар кітапхана поштасына өздерінің сүйікті кітаптарын жарнамалап, өлеңдер оқып, оқыған шығармалары туралы әңгімелеп, ұқсас болғысы келетін әдеби кейіпкерлерді атап, бейнероликтер мен аудиороликтер жіберді. Акция кітап оқу - бұл оқырмандардың жаз мезгіліндегі бос уақытты тиімді  өткізуінің  бірі екендігін көрсетті.