06 қыркүйек Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Ізденген жетер мұратқа, Ізденуден жалықпа...» атты «Білімпаздар» танымдық ойыны өтті.
Ойынның мақсаты - ана тіліміздің мәртебесін көтеру, мәдениетті сөйлеуге қалыптастыру, халқымыздың салт-дәстүрі туралы білімдерін кеңейту, жастарды кітап оқуға баулу, көркем әдебиетті насихаттау.Қазылар алқасы ойынға өз бағасын берді.
Ойынға Қарағанды қаласының «№10 ЖББМ» оқушыларынан құралған «Алғырлар» тобы және «Әлия Молдағұлова атындағы облыстық мамандандырылған олимпиадалық резервтегі мектеп-интернат-колледжі» оқушыларынан құралған «Жас сұңқар» тобы қатысты.
Ойын «Таныстыру», «Қанат қақты», «Самғау», «Шырқау» сияқты 4 кезеңнен тұрды.
Екі топ қатысушылары өздері, ұрандары және оқу орындары жайлы таныстырып, 10 сұраққа шапшаң жылдамдықпен жауап берді. Соңғы екі кезеңде ұяшықтарда жасырылған қазақ тілі, салт-дәстүр, мемлекеттік мерекелер тақырыптары бойынша сұрақтар мен мақал-мәтелдерді жалғастыру арқылы сайысып, білімдерін көрсетті.
Қорытынды бойынша Қарағанды қаласының «№10 ЖББОМ» атынан қатысқан «Алғырлар» тобы жеңіске жетті. Жеңімпаз топ арнайы дипломмен марапатталды, екінші топқа алғыс хат табысталды.
https://uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1219-6-yrk-jek-2021#sigFreeIdbcd761216a