Жайық Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен Хамза Есенжанов атындағы Батыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлерімен «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына - 30 кітап» оn-line – конференция өтті.

       Оn-line – конференция модераторы - жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінің басшысы Мурзатаева Бақыт Қазбекқызы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы барысында «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына - 30 кітап» атауымен танымал қазақстандық авторлардың поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аударма саласындағы  оқуға ұсынылған кітаптарды насихаттауда атқарылған жұмыстар, іс-шаралар туралы баядап, сәуір мен  қараша айлары аралығында жарияланған "Мен оқыған кітаптар" атты букчелленджге қатысқан кітапхана оқырмандарына алғыс білдірді.

       Оn-line – конференцияға қатысушылар назарына ақын Қ.Асқардың, С. Ақсұңқарұлының «Көкейімде Күлтегіннің жазуы» атты кітабына білдірген пікірі бейнежазбасы, жазушы драматург Р. Отарбаевтың «Айна-ғұмыр» кітабынан «Бейбарыс сұлтан» және «Айна-ғұмыр» драмалары бойынша кітапхана қызметкерлері мен оқырмандардан құралған «актерлік топтың» театрланған алаңдағы қойылымдарынан слайд ұсынылды.

Қарағанды  қаласы білім бөлімінің «№54 жалпы білім беретін мектебі»  КММ қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Қасымжанова Зүлфия Зарықбайқызы мектеп жасындағы балалардың назарын әдебиетке көңіл аудартып, бос уақыттарында кітап оқу дағдысын жетілдіруде қандай әдістер қолдануға болатыны туралы ойымен бөлісті.

            Хамза Есенжанов атындағы Батыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінің басшысы Джумагалиева Бибігүл Айтқалиқызы акция аясында өткізілген іс-шараларға тоқталып, кітапханаға виртуалды эксурсия жасады. Кітапханашылар Хайрулина Ақкенже Темірғалиқызы, Шалабаева Шалқыма Ерденбекқызы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында таңдап алынған «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына - 30 кітап» тізіміне енген кітаптарға шолу жасады.

            №54 жалпы білім беретін мектебінің оқушылары Хаким Жаннұр (Т.Нұрмағамбетов «Періштелердің өлімі»), Алибекова Аида (Ж. Нажімеденов «Менің Қазақстаным»), Тілек Мөлдір (О. Памук «Менің атым Қырмызы»), Ибрагимова Нұрдана (Б. Соқпақбаев «Жекпе-жек»), Батырбекова Эльноза (Ы. Алтынсарин «Кел, балалар, оқылық»), Нұржан Нұрайым (А. Кристи «Ғайып болған миллион»), Өміржан Жанасыл (С. Досжан «Қасірет пен тағдыр») оқыған кітаптарының қысқаша мазмұнына тоқталып, үзінділер оқып, ақындардың өлеңдерін оқыды. Шарамыздың соңында жас  ақын Тампылбай Санжар Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнап шығарған өзінің өлеңін барша қазақстандықтарға тарту етті.